Аудандық кітапханада 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана-тіршіліктің тірегі» атты оқырман аналар арасында сайыс өткізілді. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілікті, мейірімді арттыру; Оқушыларды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Оқырмандардың кітап оқуға, әдеби жанрларға деген қызығушылығын арттыру. Сайыс төмендегідей шарттар бойынша өткізілді: Өзін-өзі таныстыру, «Дәм думан» тағамдар сайысы, «Көтерейік көңілді ән-жырменен» өнер көрсету сайысы, Зерделінің ойы озық (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар), «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (ақын –жазушылар шығармалары туралы сұрақтарға жауап беру). Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Қосжанова Э.М- тәрбиеші ,№8 «Тұлпар» балабақшасы – І орынға, Құрманбаева Г.А –тәрбиеші, №7 «Еркетай» балабақшасы-2 орынға, Есеркепова С.Ж- тәрбиеші, №4 «Гүлдер» балабақшасы-3 орынға, Омарова К.Ш- аудандық музей қызметкері-3 орынға, Жауымбаева А.Ұ- мұғалім, мектептен тыс білім беру орталығы және Мусина Қ.А- оқырман ынталандыру сыйлықтарымен алғыс хаттарға ие болды. Нәзік жандарды мерекелерімен құттықтай отырып, жергілікті ақын Реймов Қ.Е. «Әйел-Ана» жыр шумақтарын тарту етті.