Оқырман жеңісі

    Хромтау аудандық кітапханасының оқырмандары эссе, иллюстрация, буктрейлер жұмыстарымен қатысып, «Иллюстрациялар» номинациясы бойынша Хромтау №6 гимназия 10 класс оқушысы, мектептен тыс білім беру орталығы «Жас суретші» үйірмесінің қатысушысы Сайлаубаева Диана Қайратқызы 2 дәрежелі және «Буктрейлер» номинациясы бойынша Хромтау қаласы №1 мектептің 10 класс оқушысы Туиешин Аслан Берікұлы 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды.         Сіздің назарларыңызға Туиешин Асланның және Сайлаубаева Диананың жұмыстарын ұсынамыз.       Желтоқсанның 25-де аудандық кітапхананың оқу залында «Біз құрдастармыз» республикалық шығармашылық байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының  төрайымы  М.Т.Төреғалиева, «Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Н.Елеутов,  ауылдық және қала мектептерінің кітапхана қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 2 дәрежелі орындарға ие болған №6 мектеп гимназиясының 10 класс оқушысы Д.Қ.Сайлаубаева,  №1 мектеп оқушысы А.Б.Туиешин, белсене қатысқан оқушылар және шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлестерін қосып жүрген ұстаздар марапатталды. Кітапхана директоры Таимова А.Ж кітапхана \"Мәдени мұра:танымал есімдер\" атты блогымен таныстырып өтті.  

0 комментариев

Ақпараттық бюллетень — 2014

Аманжолов Д.А.Алаш:исторический смысл демократического выбора/Историческая монография. - Алматы:Изд.дом «Таймс», 2013-400 с. Монография посвящена историческим урокам демократического выбора и демократической практики движения Алаш (1900-е-1920-егг.). Дополняя и углубляя ранее проведенный анализ истории Алаш, автор акцентрирует внимание на культурной деятельности лидеров и структур движения от зарождения до завершающей стадии. Книга адресована историкам, преподавателям, студентам, а также всем читателям, интересующимся историей своей страны. Кітап Ұлы Дала аталған ұлан-ғайыр кеңістікте өмір сүрген байырғы қағанаттар мен ұлыстардың тарихына қызығушы барша оқырманға арналған.   Дулатбеков, Н. Алаш ардақтылары: Санкт-Петербург іздері[Мәтін] / Нұрлан Дулатбеков.-Алматы: Таймас, 2013.- 240 б. Кітапқазаңғылымдарының докторы, профессорН.Дулатбековтің ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында Санкт- Петербургуниверситетінде білім алган бір топАлашардақтыларыныңөмірі менқайраткерлігіне қатысты біраз жылдардан бері тұрақты зерттеп, жазып, жариялап келе жатқан мақалалары топтастырылған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музей қорындағы шығыс монеталары: шағатай монеталарының Алматы көмбесі. Иллюстрацияланған ғылыми каталог.1-том.1-кітап.(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), Алматы: «Өнер», 2013. - 320 б. Ғылыми-инвентарлық каталогтың 1-томының бірінші кітабына 690 сақтау бірлік шағатай монеталары кіріп отыр. Барлығы күмістен жасалған. Монеталардың соғылған…

0 комментариев

Дөң ауылдық кітапханасына «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы» атағы берілді

Бұл салтанатты ашылуға Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Н.Д.Аспенов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н.Елеутов,  Дөң ауылының әкімі Д.Қ.Тұрлыбаев, Дөң орта мектебінің мұғалімдері және оқушылары, кітапхана қызметкерлері, оқырмандар  қатысып, өз лебіздерін білдірді. Сонымен бірге, ауыл әкімі Д.Қ. Тұрлыбаев заман талабына сай жасақталған кітапхана статусын  Дөң ауылдық кітапханасына берілгеніне  қуанышты екенін, салтанатты шараға келген қонақтарға, кітапхана қызметкерлеріне еңбектері жемісті болып, осындай деңгейде басқа да ауылдық кітапханалар қол жеткізулерін тіледі. Бөгетсай модельді ауыл кітапханасының кітапханашысы Ж.Бірімжарова және Ақжар модельді ауыл кітапханасының  кітапханашысы Ұ.Омарова «Кітапхана жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы жаңа технологияларды қолдану тәжірибесінен» өз жұмыстарын слайд бойынша баяндап берді. Дөң ауылдық кітапханасының оқырмандары кітап туралы өлеңдерін оқып, әсем әндер орындады.  Жазғы сауықтыру демалысы Бурабайда өткен «Жасталап» Республикалық байқауының 1 орын жүлдегері, кітапхананың кішкентай оқырманы Жасағанбергенов Диас ақын М.Мақатаевтың «Отан», Е.Бахтияровтың «Бурабай» өлеңдерің оқып, көрермендерді тәнті етті. Шара соңында  аудандық кітапхана директоры А.Ж.Таимова кітапхананың блогтарына шолу өткізіп, шараға қатысушыларына өз алғысын білдірді.    

0 комментариев