«Ардақты ана-аяулы ана қымбаттым!» атты өлеңдер оқу челленджі

🌷Аяулы аналар, әжелер, қыздар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! 🌷 Көктемнің шуақты күндеріндей сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден қуаныш арылмасын. 🌷 Назарларыңызға қалалық балабақшалар арасында ұйымдастырылған «Ардақты ана-аяулы ана қымбаттым!» атты өлеңдер оқу челленджін ұсынамыз. 📚Кішкентай бүлдіршіндер аналарға арналған өлең шумақтарын тарту етеді. Барлық жолданған челлендждерді аудандық балалар кітапханасының инстаграм парақшасынан көре аласыздар:https://www.instagram.com/hromtau_balalarkitaphanasy/

0 комментариев

“Алғыс айту-ынтымақтың мерекесі” атты іс -шара

1 наурыз - алғыс айту күніне орай аудандық орталық кітапханада “Алғыс айту-ынтымақтың мерекесі” атты іс -шара болып өтті. Келген оқырмандар өз алғыстарын білдіріп, мерекелік көрмені тамашалап, дастарханнан дәм татты. https://www.instagram.com/reel/C3-OiGSNEP-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«Парасат биігіндегі қаламгерлер» атты әдеби кеш

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Сара Мыңжасарованың шығармашылығын оқырманға насихаттау мақсатында «Парасат биігіндегі қаламгерлер» атты әдеби кеші болып өтті. 📚Кешке №1 Хромтау орта мектебінің оқушылары мен аталмыш мектептің кітапхана қызметкері қатысты. Кеш барысында қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Баян Тойбазарқызы ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Сара Мыңжасарованың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталды. Ал, кітапханашы Бейбіткүн Каметияқызы кітап көрмесіне шолу жасап , оқырмандарды кітап оқуға шақырды. 📚Ақын Сағи Жиенбаевтың өлеңдері оқылып, танымал әндері тыңдалды. Кешті аудандық орталық кітапхананың әдіскері Жанар Мұратқалиқызы ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған «Ана» әнімен қортындылады. Толығырақ - https://www.instagram.com/reel/C39MSs1ofzJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев