20 қыркүйек- Ана күні/ 20 сентября 2015 года-День матери
Аналар күнінің тарихы тереңде. Бұл мереке 8 наурыздағы қыз-келіншектер күніндей емес, бұл тек дүниеге бала әкелген аналар мен аяғы ауыр келіншектерге, сол сияқты әр түрлі себеппен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы бауырына басып өсірген ана-әжелерге арналған мейрам. Күйеу балалары енелерін де ұмытпаған. Сонау ХVІІ-ХІХ ғасырларда Англияда Ұлы пост кезінде, атап айтқанда, төртінші жексенбіде бүкіл ел аналарға құрмет көрсеткен. Викториялық кезеңде көптеген адам жұмыс іздеп, өз отбасынан алыста жүретін болған. Оларға жылына тек бір күн ғана демалыс берілген. Сол күні олар аналарына дала гүлін теріп алып келген. Ал аналары оларға арнап тәтті күлше пісіріп, күтіп отыратын болған. Қазақта «құлға да бір күн той» дегендей, құлдықтағы қара нәсілдің де сол күні мойны босайды екен. Жалпы, Аналар күні әр елде әр түрлі мезгілде тойланады. Мысалы, АҚШ-та 1907 жылдан бері мамырдың екінші жексенбісі Аналар күні ретінде тұрақты өтіп келеді. 1914 жылдан ресми мереке ретінде бекітілген. Аустралиялықтар сол күні қалампыр гүлін тағып жүреді. Қызыл гүл - анасы жанында, аман-есен дегенді білдірсе,…