8 мамыр күні кітапханада Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 80 жылдығына орай «Ерлік-елге мұра,ұрпаққа ұран» жыр мүшәйрасы өтті.
🔰Мақсаты: жеңісті жырлау, батырлар ерлігін насихаттау,жыр өнерін дамыту, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету. Тарихи тұлғалардың ерлігі арқылы ұлттық рухты ояту.
Шараға Хромтау ауданының жергілікті жас ақыны,әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Сағыныш Оразайқызы, Хромтау аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Сағынжанұлы Айбол, қала мектептерінің мұғалімдері, оқушылары қатысты.
🔰Жыр мүшәйрасы 2 кезең бойынша өткізілді.
— Белгілі бір ақынның Жеңіс туралы өлеңін жатқа оқу.
— Жеңіс туралы өзінің туындысын оқу.
Әділқазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау барысында өлеңнің таңдау талғамына, сөз қолданысына, ұйқасына, тіл тазалығына мән берді.
🔰Жыр мүшәйрасының қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделі орындар анықталды:
І орын- Тайбатыров Мухаммед- №6 Хромтау гимназиясының оқушысы.
ІІ орын — Жайылханова Аида -№4 Хромтау орта мектебінің оқушысы.
ІІІ орын — Сағынжан Іңкәр- Никельтау орта мектебінің оқушысы.
Жеңімпаздар дипломдармен,алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Толығырақ сілтемені басу арқылы көре аласыздар
https://www.instagram.com/reel/DJYzhOTMoDa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==