«Әке — асқар тау, биік шың» әкелер сайысы

21 маусым — Халықаралық Әкелер күніне орай Хромтау аудандық кітапханасы «Әке — асқар тау, биік шың» атты кітапхана оқырмандары арасында әкелер сайысын ұйымдастырып өткізді. Сайысқа 4 оқырман әке балаларымен қатысып өз бақтарын сынады.

Сайыстың мақсаты : Кітапхана мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Отбасының әкенің бала тәрбиесіндегі ролі туралы түсінік беру.

Сайыс қортындысы бойынша, төмендегідей жүлдеге ие болды:
1 -орынға Реймов Қ.Е
2- орынға Қазбаев Н.М
3- орынға Жолдыбаев А.М
Белсене қатысқаны үшін Дүйсенов Е.О иеленді.
Сонымен қатар кітапхана оқырманы ,сайысқа демеушілік жасаған «Азамат-Аманат» ерлер киімдер кәсіпкері Самал ханымның 10 мың теңге көлеміндегі барлық қатысушыларға сертификаты табысталды.

Сайыс соңында әкелердің құрметіне «Мың алғыс әке» әнін Мырзабай Айару тарту етсе, «Оқуда озат боламын» әнін Реймов Жансерік көрермендерге арнады. Аудандық кітапханасының кітапханашысы Каметия Бибіткүн келген көрермендерге әкелер туралы кітаптарға шолу жасады.

https://www.instagram.com/reel/C8elUlusSpn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021