«Оқырмандар шоқжұлдызы-2023»

⚜️21 желтоқсан күні кітапханада 2023 жыл қорытындысы бойынша «Оқырмандар шоқжұлдызы» оқырмандарды марапаттау рәсімі өткізілді.
📍Шараның мақсаты: оқырмандардың жыл бойғы кітапханамен тығыз байланысының нәтижесін қорытындылау.
🔹Марапаттау шарасы барысында кітапханаға үзбей келіп көп кітап оқып, мәдени шараларға қатысып, белсенділік танытқан тұрақты оқырмандар,ұжымдар әртүрлі номинациялармен марапатталды, атап өтсек:
📍Кітапхана оқырмандары Нуриев С.А, Жумалиев Д «Үздік оқырман-2023», 🔹№1Хромтау орта мектебі «Үздік оқырман мектеп-2023» номинацияларына ие болды. Сонымен қатар, 🔹№3 Хромтау орта мектебінің 4 а классы «Белсенді класс» номинациясымен марапатталды мұғалімі Назипа Ерназарқызы, Хромтау газетінің редакторы Реймов Қ.Е, «Жаңалық жаршысы»,🔹№1Хромтау орта мектебінің мұғалімі Мукашева Ж.Ш «Зерттеуші оқырман», 🔹Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы «Бір ұжым-бір кітап», 🔹Мектептен тыс білім беру орталығы «Бір ұжым-бір кітап», 🔹Даулетова Ұ.Т.«Тұрақты оқырман», 🔹Шевчук А.Д «Зерделі жас оқырман» номинациялары, 🔹балалар бөлімінің оқырмандары Сабыржан А. «Ең кішкентай оқырман»,🔹Утемисова Л. «Өнерлі оқырман» номинациялары берілді.
⚜️Кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ шараға қатысушыларға алғыс білдіре отырып, статуэткалар,алғыс хаттар және сыйлықтар табыстады. Мектептен тыс білім беру орталығының вокалдық «Жалын» үйірмесінің оқушылары Арыстанбай А,Жомартов Қ әсем әндерімен мерекелік көңіл күй сыйлады.

https://www.instagram.com/reel/C1KPhqusWK9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 3 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 576Регистрация: 20-10-2021