«Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты тәрбие сағаты

Хромтау аудандық балалар кітапханасында №3 мектептің 3а сынып оқушыларымен 5 қыркүйек Қазақстан Тілдер күні мерекесі орай «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты тәрбие сағаты өтті.

🔹 Іс-шара барысында кітапханашы Жиембаева Т.С. мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі, кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болатынына тоқталып, мемлекеттік негізгі атрибуттары және біздің еліміздің мемлекеттік тілі, ана тіліміз – қазақ тілі екенін айтып өтті.

🔹«Ұлт болашағы-ана тілінде» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» жұмбақтар шешуін екі тілде айту және тіл туралы мақал-мәтелдерді жалғастыр ойындарына оқушылар белсене жауап беріп, іс-шараның қызықты өтуіне ат салысты.

https://www.instagram.com/reel/C_iyW83M6Nb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021