Туған жердің түтіні

 

Туған жердің түтіні

Ұсынылып отырған «Туған жердің түтіні» жинағына кіріп отырған «Наркескен», «Ең әдемісі — Жер», «Өнерге өктемдік жүрмейді» тағы басқаларының кейіпкерлері қазір айнала айқайлап жоқтап жүрген патриотизм, елді сүю деген ұғымды еңбегімен дәлелдеп жүрген адамдар.

Кітаптағы деректі, көркем шағын шығармалар болсын, «Сахнаның падишасы» атты повесть-эссе болсын, дәл бүгінгі өнер жайлы, өмір жайлы ойланатын, ізденетін оқырманның талғамынан шыққандай.

                                                                Алғысөз

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары «Қазақстан пионері» газетінің бетінде «Туған жердің түтіні де тәтті екен» деген айдар ашып едік. Соған республиканың түкпір-түпкірінен оқушылардың туған жер жайлы толғаныстары келетін. Мүмкін, толғаныс деуге жетпей жатқан шығар. Бірақ бәрі шын көңілмен жазатын. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген мәтел сондай көңіл күйден қалса керек. Бұл жинаққа мен туған жер жайлы өзімнің жазғандарымды, туған елі мен халқына еңбегімен, өнерімен қызмет етіп жүрген тұлғалар жайлы және осы тақырыптағы шағын әңгімелерді топтастырдым. Мұндағы кейіпкерлер – сонау 1969 жылы кездескен домбырашы, қарапайым ана Әсима Ізмұханбетовадан бастап КСРО және Қазақстанның халық артисі Хадиша Бөкееваға дейін қазақтың байтақ даласының қай түпкірінде туып-өссе де, туған жерлерін әрқашан балалық сағынышпен аңсап жүретін жүрегі нәзік, пейілі кең, көңілі ғажап сағынышқа толы жандар. Бәрі де туған жердің түтінін, оның бір түп жусанын қайда жүрсе де есінен шығармайтын тұлғалар. Еңбегі мен атағы қанша зор болса да туған жердің алдында кішік тұратын түлектер.

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 598Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий