«Жауһар жырды жүрегінде тербеген»

 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Жазушылар Одағының 85 жылдығы аясында өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру,өлеңдерін көпшілік оқырманның жүрегіне жеткізу мақсатында 29 қараша күні аудандық кітапхананың оқу залында поэзия әлемінде биік шыңдарды бағындырып жүрген ақын Қуанышова Гүлімай Әбішқызымен «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты кездесу кеші өтті.Кешке №3Хромтау орта мектебі,№5Хромтау гимназиясы және Дөң мектеп-гимназиясының оқушылары, мектеп кітапханашылары,аудандық кітапхана қызметкерлері,аудандық «Хромтау» газетінің қызметкері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қатысты. Шара барысында Гүлімай Әбішқызы өзінің ақындығы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, өзінің өлеңін оқып берді. Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Қосымбаева Меткүл Ораққызы ақынға шынайы ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің атынан алғыс хат табыс етті.    
«Жауһар жырды жүрегінде тербеген» «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» «Жауһар жырды жүрегінде тербеген»

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 594Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий