«Өзің оқы, өзгеге ұсын!” кітап оқуды насихаттау айдары бойынша марапаттау рәсімі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉📚

Кітап – адамзаттың ойлау көкжиегін кеңейтетін, рухани биіктететін сенімді серігі.
Кітап оқуды насихаттау – қоғамның рухани, мәдени және интеллектуалдық дамуына үлес қосатын маңызды іс.

Хромтау аудандық орталық кітапханасы Хромтау ауданының 90 жылдығына орай ауылдық мемлекеттік қызметкерлер арасында “Өзің оқы, өзгеге ұсын!” кітап оқуды насихаттау айдарын ұйымдастырып, оқырмандар арасында үлкен серпіліс тудырды.

ЖЕҢІМПАЗДАР:
🏆 1 орын — Құдықсай ауылдық округінің әкімі Жұмабай Қасым Шүйінішбайұлы
🥈 2 орын — Тассай ауылдық округінің әкімі Абдиров Ербол Амангелдіұлы
🥉 3 орын — Көктау ауылдық округінің әкімі Усмаханов Бахытбек Серікұлы

Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🌟
Кітап оқу мәдениетін насихаттау жолындағы бастамаларымыз алдағы уақытта да жалғасын табады!

📖 Кітап оқы – рухани биік бол!

Автор публикации

не в сети 23 часа

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 621Регистрация: 20-10-2021