Құстар күні/День птиц

31 наурыз апталықтың алтыншы күні «Құстар- біздің досымыз» атты тақырыптық кеш өткізілді.Оқушылар «Көгершіндер», «Қарлығаштар» болып екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Шарада балалар құстар туралы тақпақтар, сұрақ – жауап, мақалды жалғастыр,кім тапқыр ойындары ойнатылып, сөзжұмбақтар шешілді. Балаларға құстарды қорғауға, олардың қоршаған ортаға тигізетін пайдасы туралы қысқаша мәлімет берілді. Қазақстанда мекен ететін құстар туралы қысқаша мәлімет берілді. Балаларға қанатты достарымыз туралы слайд пен видеоролик көрсетілді.   31 марта – провела День птиц «Птицы-наши друзья»: дети разделились на две группы «Голуби» и «Ласточки»; загадывали друг другу загадки, читали стихи о птицах и т.д. Показали слайд. Птицы Актюбинкой области.  

0 комментариев

Кітаппен өмір шуақты!/С книгой ярко мы живем!

30 наурыз күні наурыз күні апталықтың бесінші күні оқырмандарды кітапханамен, кітап көрмелерімен таныстырылды.Балалар кітапханаға қатысты сұрақтарға жауап берді. Дәстүрлі балалар кітабының апталығы аясында №1,3,5 орта мектептің 3-4 сынып оқушыларына «Кітаппен өмір шуақты» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың үш томдығы, Сайын Мұратбековтің шығармалары, Адырбек Сопыбековтің «Шешілген жұмбақ», Жақан Смақовтың «Балапан» т.б ақын-жазушылардың шығармалары таныстырылды.   30 марта-познакомили с книжной выставкой и провели обзор. Познакомили учащихся 3-4 классов с творчеством и жизнью таких писателей, как Б.Сокпакбаев, С.Муратбеков, О.Бокей. Библиотекарь Жиенбаева познакомила с новымила с новыми технологиями , как говорящая ручка.  

0 комментариев

«Шөл даланың ұлымын»

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970–1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Қазір М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.             «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.             Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылған. Фр.Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты…

0 комментариев