Барлығын шақырамыз!/Приглашаем всех!

24 наурыз күні Шараның ашылу салтанаты әдемі, көркем атпен аталған «Кітап деген ғажайып әлем» атты театрландырылған көрініспен басталды.«Тапқыр оқырман» атты оқырмандар сайысы өтті. Балалар екі топқа бөлініп «Кітапсүйгіштер» және «Кітапқұмарлар» тобы болып жарысты. Сайыста «Сөз тапқанға?» (әріпке қатысты сөз арқылы сұраққа жауап беру), «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап), «Ойлан тап!» («Кітапхана» сөзінен сөз құрау), «Суретпен жұмыс» (берілген суреттен әңгіме құрау) кезеңдер болды. Балалар ойында белсенділік пен шапшаңдылық танытты. Осы өткізілген шараға Мектептен тыс білім беру орталығының «Ән әлемі» вокал үйірмесінің жетекшісі Бисенова С.А. шәкірттерімен қатысып мерекеге арнап әндер шырқап берді. 24 марта – день открытия мероприятия началось с театрализованного представления «Кітап деген ғажайып әлем»: Между читателями провели конкурс. Находчивый читатель, где читатели отвечали на вопросы, касающие книг.     

0 комментариев

Сайлау/ Выборы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына негізделіп шығарылды. Онда бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2016 жылғы 20 наурызға тағайындау, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2016 жылғы 21 наурызға тағайындау атап көрсетілген. Қаулыда сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру тапсырылған. Осыған орай Хромтау аудандық кітапханасында кітап көрмесі безендірілді В соответствии с подпунктом 1 статьи 12 Конституционного закона \"О выборах в Республике Казахстан\", Центральная избирательная комиссия постановляет: первое - назначить на 20 марта 2016 года очередные выборы депутатов маслихатов РК. Вторым пунктом утверждаем прилагаемый календарный план основных…

0 комментариев

Кітапханаға саяхат/Экскурсия в библиотеку

12 наурыз күні бастауыш сынып оқушыларына «Кітап патшалығына саяхат» атты кітапханалық сабағымыз № 6 Хромтау гимназиясында өтті. Сабаққа 2,3,4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар «әдеби сергіту» викторинасына өте белсене қатысып сұрақтарға жауап берді. Сынып жетекшілерінің тапсырмасы бойынша кітап, білім туралы дайындаған мақал – мәтелдерін айтты. 12 марта в Хромтауской гимназии № 6 для учащихся 2,3,4 классов провели библиотечные уроки.С целью познакомить детей с библиотекой, воспитывать желания открывать удивительный мир литературы, показать способность писателей, поэтов сказочно красиво рассказывать о мире, который нас окружает. Ученики в литературной разминке принимали активное участие, отвечали на вопросы. По заданию классных руководителей подготовили пословицы, поговорки о книге,знаний.           

0 комментариев