23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Аудандық кітапхана және Жастар ресурсы орталығының ұйымдастыруымен «Кітап-алтын қазына» тақырыбында пікір сайыс турнирі өтті. Шараға 10-11 сынып оқушылары қатысып телефон қолданбау цифралануға кедергі яғни электронды кітап төңірегінде пікір алмасты. Жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, пікірталас қозғалысының дамуына ықпал ету мақсатында өткен пікір сайыс турнирі өз мақсатына жете алды. Сонымен қатар, «Жастар әлемі: Оқы, ойла, өзіңді жетілдір!» кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.

https://www.instagram.com/reel/C6GsnJIsLgh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 565Регистрация: 20-10-2021