15 қыркүйек — Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт ұясы» мерекелік шарасы

Хромтау аудандық балалар кітапханасында «Ерекше балалар-ерекше әлем» жобасы аясында «Отбасы-бақыт ұясы» мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қатысуларымен мәдени шара ұйымдастырылды. Шараға №1 Хромтау орта мектебінің үй жағдайында оқитын 5 оқушы ата-аналарымен қатысты. Тәрбие отбасынан басталатынын ескере отырып, оқушыларға отбасы туралы жан-жақты мағлұматтар беріле отырып «Бұл кім?» ойыны, «Менің сүйікті отбасым» сурет салу «Сұрақ-жауап» ойындары ойнатылды. Шараға қатысқан балаларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021