\»Оқитын өлке\»акциясының таңдауы-Е. Дүйсенбайұлының \»Ұлаңғайыры\»

11 мамыр Хромтау аудандық кітапханасының оқу залында Есенбай Дүйсенбайұлының «Ұлаңғайыр» шығармасы бойынша «Оқитын өлке» облыстық акциясына арналған іс-шара өтті. Шараға қатысушылар ақын Есенбай Дүйсенбайұлы туралы мәліметтер тыңдап, өмірімен, шығармашылығымен жақынырақ танысты. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды. №3 Хромтау орта мектебінің кітапханашысы А.А.Талтанова сөз сөйлеп, 8 сынып оқушылары ақынның өлендерін мәнерлеп оқыды.   11 мая в читальном зале Хромтауской районной библиотеки прошло мероприятие по акции популяризации книг «Оқитын өлке» по произведению поэта Есенбая Дуйсенбайулы «Ұлаңғайыр». Участники мероприятия были ознакомлены с творчеством поэта, а также с интересными фактами из жизни и деятельности Е.Дуйсенбайулы. Был проведен библиографический обзор. Выступили библиотекарь Хромтауской средней школы №3 Талтанова А.А., ученики 8-х классов ХСШ №3 и ШГ №5 читали стихи поэта.  

0 комментариев

Достық-біздің тірегіміз

Cәуірдің 28-де Аудандық кітапхананың оқу залында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орайластыра екі тілде «Достық-біздің тірегіміз» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шара музыка мектебінің оқушыларының орындауында күмбірлеген күймен және МТББО «Ән әлемі» вокал үйірмесінің оқушысы Досбек Бахтиярдың орындауында «Туған жер» әнімен басталды. №5 мектеп-гимназияның мұғалімі А.Қ.Дүйсенгалиева 3сынып оқушыларымен қатысып, өздері дайындаған әр ұлт өкілдерінің биімен , қолдарынан келгенше барлық ұлттардың сәлемдесуін, әнін, биін көрсетіп өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. №1мектептің 4 класс оқушылары да достық, ынтымақтастық, туған жер туралы өлеңдер айтып,қойылымдар қойып, билер биледі. Кешке қатысушы оқушылар ақын Ж. Молдағалиевтың «Мен қазақпын» өлеңдерін оқыды.Шара соңында белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.Мерекелік кеш балалардың: Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды деп, «Отан. Достық. Бейбітшілік» деген сөздерді әр ұлттың тілінде айтып шар, жалаушалармен ортаға шығып «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқталды. Әдеби-сазды кешке мектеп оқушылары, олардың ата-аналары, ұстаздар,кітапхана оқырмандары,мектеп кітапханашылары қатысты. 28 апреля в читальном зале районной библиотеки прошло праздничное мероприятие на двух языках ко дню Единства народов Казахстана на тему…

0 комментариев