Ана тілім-айбыным

   Жазғы демалыс лагерлері, балабақша тәрбиеленушілеріне  арналып      «Ана тілім-айбыным!»  атты   кітап көрмесі безендіріліп, библиографиялық шолу жасалынды.   Балалар бөлімінде  №3«Айгөлек» балабақша балалары қонақта кітапханаға саяхат жасады. «Өмірі ертегі,елдің ертеңі» саяхат-ойынымен басталып кітапханашы Жиембаева Т. С. қысқаша кітапхана тарихы туралы мәлімет берді. В районной библиотеке для детей пришкольного лагеря была оформлена книжная выставка «Ана тілім-айбыным!» и проведён библиографический обзор.Для детей пришкольного лагеря №3 «Айгөлек» была организованы экскурсия в детский отдел библиотеки. Библиотекарь Жиембаева Т.С. рассказала вкратце об истории библиотеки.

0 комментариев

Ертегі тыңдап өсемін

Аудандық кітапханада балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында балалар бөлімінде МТББОрталығы жанындағы жазғы «Балдәурен» лагері балаларымен «Ертегі тыңдап өсемін» тақырыбында дауыстап оқу өткізілді. Мақсаты: балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, жақсы мен жаманды, адалдық пен зұлымдықты, шындық пен өтіріктің арасын айыра білуге, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Балаларға үнтаспадан ертегіден үзінді тыңдатылып,сұрақтар қойылды. Балаларға түрлі түсті қағаздар үлестірілді . Сонда көрсетілген ертегінің тақырыбы бойынша сол ертегідегі кейіпкерлерді атайды. Арыстан,аю,түлкі,қасқыр осы аңдардың ертегіде қандай кейіпкер ретінде алынатынын , қозғалысын,дыбысын салу. Ертегіден көріністер көрсету.1. Түлкі мен қасқыр.2. Бауырсақ ертегісі. Сергіту сәті. Өз ойларынан ертегі құрастырып айту. Сондай-ақ, «Кітапхана – кітап үйі»-кітапханаға саяхат» – №1 мектеп жазғы демалыс лагері оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Балалар бөлімінің кітапханашысы Т.С. Жиембаева оқушыларды кітапхана бөлімдерімен, кітаптар әлемімен, кітапханаға жазылу ережелерімен таныстырды. Ертегілер көрсетіліп ертегі кейіпкерлері туралы сұрақтар қойылды.   В детском отделе районной библиотеки для детей пришкольного лагеря ««Балдәурен» провели громкие читки. Цель: научить…

0 комментариев

Кітапхана – кітап үйі

Мектептен тыс білім беру орталығының «Балдәурен» лагерінің балалары және №1«Күншуақ» балабақшасының балалары кітапханаға саяхатқа келді.Кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапханамен таныстыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында лагерьдің жетекшілері Далахова Гүлжан және Кереева Гүлзада балалармен кітапханаға келді. Оқушылар кітапхананың ішкі бөлімдерін аралады, кітапхана ережесімен танысты. «Кітапхана – кітап үйі» тақырыбында слайд көрсетіліп, викторина сұрақтарына жауап беріп, жұмбақтар шешті.Кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде жазғы оқу бағдарламасына арнайы «Жақсы кітап-жан азығы» атты кітап көрмесі жасалып кітап көрмесіне шолу жүргізілді.Көрмеге баланың қызығушылығын тудыратын шығармалар, кіші жастағы балаларға арналған ойыншықтар, көз тартатын панорама кітаптар, ашылмалы кітапшалар сөйлейтін суреттер, сөздіктер оқушылардың кітапқа деген құштарлығын оята білетін әдеби кітаптар қойылды.Өздеріне бұл жерден қызықтыратын біраз мәліметтер алатындарына көз жеткізді. Мұнда кітап оқуға оқуға ыңғайлы,қалаған оқулығының бәрін де табуға болады, - деп жатты балалар.Адамға рухани байлық беретін кітап екенін оқушылар түсінді. №1«Күншуақ» балабақша балаларына балалардың сүйіп оқитын: Маша мен аю; Қызыл телпек;Шалқан; Алтын сандық; «Мың біртүн ертегілері» сериясымен шығатын кітаптар ; Алдаркөсе; Түлкіні алдаған шал т/б. ертегілері…

0 комментариев