«Тұғыры биік – Туымыз, еңсесі биік – Елтаңба, әуені асқақ – Әнұран»

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Биыл рәміздердің 25 жылдық мерейтойы. Конституциялық заң 2007 жылдың 4-ші маусымында қабылданған болатын. Рәміздер кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі. Көк Туымыздың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты, көгілдір түсті Туымыз бейбіт аспанда желбіреп тұр. Сабының тұсы ұлттық оюмен тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Ал Елтаңбамыз дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тараған уықтар шаншылған. Арнайы байқау ұйымдастырылып, 250 нұсқаның ішінен таңдалған қазіргі Елтаңбамызды белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов салды. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның Әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалған Әнұранымыз қашан да қазақтың намысын асқақтатып, әуелей түспек. Музыкасын Шәмші…

0 комментариев

Жана әдебиеттер/Новая литература

Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық. Дорогие книголюбы, приглашаем вас ознакомиться с выставкой «Новой литературы», и найти для себя полезное и увлекательное чтиво! Наши двери всегда открыты, для вас.  «Ой-маржаны –кітап» (Жаңа кітаптар көрмесі) Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Ой маржаны-кітап» атты жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.  

0 комментариев

Бар мейіріміміз балаларға!

Маусым айының 2 де, аудандық кітапхананың балалар бөлімінің ұйымдастыруымен МТББО – ның алаңында 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз балаларға!» мерекелік шара өткізілді. Шараға №2 мектеп гимназиясы лагерінің оқушылары, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар – Миньоны, Кузнечики, Динозавры үш топ болып жарысты. Сондай-ақ, ертегілер кейіпкерлерін табу берілген суреттер бойынша, жұмбақтар жасыру тапсырмалары орындалды. Әділқазылардың шешімі бойынша «Кузнечики» тобы 1-орынға, «Миньоны» тобы 2-орынға, «Динозавры» тобы 3-орынға ие болды. Соңында кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Айтанатова Ж.Б. балаларды мерекелерімен құттықтап, қатысушыларға сыйлықтар таратылды.     2 июня детский отдел библиотеки провел конкурс, посвященный Дню защиты детей «Бар мейіріміміз балаларға!». Активное участие принимали ученики пришкольного лагеря школы-гимназии №2. Ученики были разделены на три команды «Кузнечики», «Динозавры», «Миньоны». По итогам 1 место – присудили «Кузнечикам», 2 место – «Динозаврам», 3 место – «Миньоны». В конце мероприятия заведующая отделом развития библиотеки Айтанатова Ж.Б. поздравила и вручила призы.        

0 комментариев