«Болашақ қуаты» атты сурет конкурсының қорытындылары

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткізілуіне орай Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен жас буынды шығармашылық қабілеттерін тереңдету, эстетикалық талғамын, әр тақырыпты аша білу танымын дамыта отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен «Болашақ қуаты» атты сурет байқауын қорытындылау, марапаттау рәсіміне шақырған болатынбыз. Байқауға «Тұлпар» балабақшасының бүлдіршіндері қатысқан болатын. Олардың ішінде Андреев И., Хасанов У., Куанышбай Д., Рыль В., Сисенгали А., Алексеев Н. Марапаттау сәтіне көшпес бұрын «Астана – болашақтың қаласы» атты слайд көрсетілді. Балаларға мадақтама хат және сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар тәрбиешілеріне алғыс хат берілді. 28 июля были подведены итоги конкурса рисунков «Энергия будущего». Были награждены грамотами и подарками: Андреев И., Хасанов У., Куанышбай Д., Рыль В., Сисенгали А., Алексеев Н. Помимо детей были награждены благодарственными письмами и воспитатели 

0 комментариев

«Қайсар рухты ақын»

Аудандық кітапханада 27 шілде де Алаштың айбарлы ақыны, әдебиет әлемінде орны дара драматург, ҚР Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Қайсар рухты ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, күнделікті келген оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды. Шаханов Мұхтар 1942 жылы дүниеге келді. Қазақстанның және Қырғызстанның халық ақыны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды. Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні» драмасы көптеген тілдерге аударылған.…

0 комментариев

Кітапхана №1 «Күншуақ» балабақшасында қонақта

26 шілде күні кітапхана қызметкерлері №1 "Күншуақ" балабақшасының "Смешарики" және "Незабудки" топтарына кітап көрмесін уйымдастырды 26 июня работники библиотеки организовали книжную выставку для воспитанников детского сада №1 "Күншуақ"

0 комментариев