\»Мои карты тройка, семёрка, туз\»

  Аудандық кітапхананың оқу залында 24 қыркүйек күні «Менің карталарым: үш, жеті, бір» байқауы қорытындыланып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Ұпайлардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Мартук ауданынан «Карта-эссе» номинациясы бойынша жеңімпаз Ангелина Мендинова (диплом, сыйлық-мультиварка). «Карта-иллюстрация» номинациясында жеңімпаз Альжан Жаркимбаев Тассай ауылы (диплом, сыйлық-радиотелефон). «Карт-бейнефайл» номинациясы бойынша жеңімпаз Анастасия Абзалимова Тассай ауылы (диплом, сыйлық-2017 жылғы K4 ұялы телефоны) және «Үздік пушкинтанушы» статуэткасы Тассай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Акмарал Каринаға берілді. Бейне-таспа дайындаған Гайни Тулемисоваға Хромтау қаласы, сондай-ақ, отбасымен қатысқаны үшін жүлде - электромясорубка. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар берілді. Үздік және белсенді комментатор Роза Джарылгаповаға арнайы сыйлық тапсырылды. Арнайы жүлде – шарамыздың қонағы, жас суретші Марсель Сериктай өзінің салған суретін өзіне ұнаған қатысушы - Анастасия Абзалимоваға ұсынды. Байқаудың әділқазылар алқасы- Жұмағалиева М.Т, Попова Г.В, Джарылгапова Р.М, Рычкова К.Т. Дуйсенова А.Е, Реймов Қ.Е,Таимова А.Ж.    24 сентября 2017 года в читальном зале районной библиотеки прошла церемония награждения участников конкурса «Мои карты: тройка, семёрка, туз», посвященная творчеству великого русского поэта…

0 комментариев

Ойлы жыр, орамды тіл

  Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде қыркүйектің 1-10 күні аралығында  М.Құрманалиннің 90 жылдығына орай «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны аясында ашық есік күндері болды. Ақын шығармаларын насихаттау мақсатында «Халқы сүйген қаламгер» атты кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жүргізілді. Балалар бөлімінің оқырмандары ақынның «Көңіл күнделігі» кітабындағы жыр жинақтардан өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Ойлы жыр,орамды тіл» атты танымдық кеш  өткізілді.                

0 комментариев

Танысайық, жаңа кітаптар!

 2017 жылғы тамыздың 20-27 жұлдызы аралығында аудандық кітапханада «Жаңа түскен әдебиеттер» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге білім салалары бойынша жаңадан түскен 120 дана кітап қойылды. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат-оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту. Көрмеге ақын-жазушылардың шығармалары мен шетел аудармалары, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітаптар, тарихи деректер мен энциклопедиялар, ауыл шаруашылық, медициналық, педагогикалық, психологиялық оқулықтар мен мәдениет пен өнер, сондай-ақ оқушыларға арналған танымдық кітаптар қойылды. «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері» әдеби альманах, Д. Мәсімханұлының Таңдамалы 3 томдық, С.Қорабайдың «Қазақтың сал-серілері» танымдық жинақ, М.Қыдырбаевтың «Сиқырлы саз сырлары» күй тарихы.«Ұлы дала елі» қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, тағамдары.Кітап үш тілде жазылған: қазақша,орысша, ағылшынша., Қ.Елеместің «Шырағым-ай» әдептілік туралы әңгімелер жинағы, Н.Құлбаевтың «Біз қонақжай елміз» фотоальбом, Е.Тоқсанұлының «Бауырым-ай» шығармасы, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы-айтулы мерекеге орай спорт тақырыбына арналған тұңғыш роман. О.Сүлейменовтің бес томдық шығармалар жинағы, А. Абасилов «Әлеуметтік лингвистика сөздігі» әлем тілдері туралы қысқаша мәліметтер, Ә.О.Жалдыбаевтың «Темірбек Жүргенов-Қазақстандағы тұңғыш озық мәдениет революциясының…

0 комментариев