«Дәстүрлі емес кітап көрмелері» байқауы қорытындыланды

 Аудандық кітапханада кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын, тәжірбие алмасуын, кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын меңгеру, кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында «Дәстүрлі емес кітап көрмелері» байқауы ІІ кезең бойынша қазан айының 12 және 17 күндері өткен болатын. Аталмыш шараға 15 ауылдық кітапхана қатысқан болатын. Шара барысында кітапханашылар өздерінің жаңа тәсілдерді қолдана отырып даярлаған дәстүрлі емес кітап көрмелерімен таныстырды. Қазан айының 24 күні ІІ кезең бойынша өткен байқау өз мәресіне жетіп, марапаттау рәсімі өтті. Әділқазылар алқасы: Хромтау аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры Н.Ж. Аманғалиева, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің кітапханашысы М.К.Тымбаева және аудандық кітапханасының бөлім меңгерушілері Т.Т. Аккужеева, Н.С. Имандосова қатысушылардың ізденімпаздықтары мен еңбектерін ескере отырып, нәтижесінде Сарысай, Аққұдық, Қопа, Бөгетсай, Тассай, Қызылсу, Табантал ауылдық округ кітапханаларының дайындаған көрмелерін үздік деп танып, жеңімпаздар мен белсене қатысушыларды алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.    В районной библиотеке завершился конкурс нетрадиционных книжных выставок «Дәстүрлі емес кітап көрмелері», который проходил в два этапа, с 12 по 17 октября. Участие приняли 15 сельских библиотек. 24 октября…

0 комментариев

Көрмелер байқауы жалғасуда. Конкурс выставок продолжается

Қазан айының 17 де, аудандық кітапхананың оқу залында «Дәстүрлі емес кітап көрмесі» байқауының екінші кезеңі өтті. Байқауға 8 ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты.Тассай кітапханасы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған көрме – экзпозиция, Тасөткел кітапханасы «Нағыз қазақ-домбыра» көрме-жарнама, Дөң кітапханасы көрме-Ателье «Волшебный мир рукоделия», Қызылсу кітапханасы «Қазақтың ұлттық тағамдары» көрме-аспаздық, Майтөбе кітапханасы көрме- «Самая,самая,самая...», Көктау кітапханасы ақын С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Ақындардың сұлтаны –С.Торайғыров» көрме-викторина, Табантал кітапханасы адам ағзасына пайдалы тағамдар көрме – аспаздық , Сарысай кітапханасы «Аяласаң табиғатты аяла» көрме-табиғат дәстүрлі емес кітап көрмелер түрлерін ұсынды.Бұл шара кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын, тәжірбие алмасуын, кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын меңгеру, кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылардың ізденімпаздықтары мен еңбектерін бағалаған әділқазылар алқасы байқауға қатысушыларға өз тілектері мен пікірлерін білдірді. Байқаудың қорытындысы қазан айының 24 де анықталады.   17 октября завершился второй этап конкурса «Нетрадиционные книжные выставки», в котором приняли участие восемь сельских библиотекарей. Тассайская библиотека показала выставку –экспозицию, посвященную Великой Отечественной войне, Тасоткельская выставку –афишу «Нағыз қазақ-домбыра», Донская…

0 комментариев

\»Дәстүрлі емес кітап көрмелері\» байкауы/Конкурс\»Нетрадиционные книжные выставки\»

  Аудандық кітапханада 12 қазан күні кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын, тәжірбие алмасуын, кітапхана жұмысының жаңа бағыттарын меңгеру, кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында «Дәстүрлі емес кітап көрмелері» байқауы өткізілді. Аудан бойыша 18 кітапхана , 1 кітапхана –аудандық, 17-ауылдық кітапханалар. Байқау екі кезеңге бөлінді: 12 қазан және 17 қазанда өтеді. Бүгінгі өткен шараға 7 кітапхана дәстүрлі емес кітап көрмелерін дайындап алып келді. Абай ауылдық кітапханасы «Золотые ручки» көрме-хобби, Аққұдық ауылдық кітапханасы «Сүт-тіршілік тірегі» көрме-аспаздық, Бөгетсай ауылдық кітапханасы «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» көрме-естелік, Қопа ауылдық кітапханасы «Әсемдік әлемі» көрме-ателье, Құдықсай ауылдық кітапханасы «Алаштың ардақты ақыны» викторина-көрме, Тамды ауылдық кітапханасы «Ас –адамның арқауы» көрме-аспаздық, Оңғар ауылдық кітапханасы « Самая-самая» көрмелері ұйымдастырылып, кітапханашылар шолу жасады. Әділқазылар алқасы көрмеге байланысты өздерінің пікірлерін білдірді. Байқаудың қорытындысы қазан айының аяғында белгілі болады.    12 октября в Хромтауской районной библиотеке прошёл первый этап конкурса нетрадиционных книжных выставок. Из 17 сельских библиотек в первый день участвовали 7 библиотек. Все сельские библиотеки представили книжные выставки: Онгарская библиотека представила книжную…

0 комментариев