Жылдың ең үздік оқырманы

 Жасөспірім ұрпақты әлеуметтік ортаға бейімдеу, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық дағдыларын жетілдіру, білім мен кітапқа деген құштарлықтарын арттыру мақсатында аудандық кітапхана оқырмандармен, балабақша, колледж, мектептермен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Ұлтымыздың ұлағатты ұрпағын қалыптастыруда атқарылып жатқан игі шаралардың ұйытқысы болып жүрген жандарға арналып Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханасында \"Жылдың ең үздік оқырманы” атты кеш өтті. 2017 жылы жыл бойына кітапханаға үзбей келіп, ең көп кітап оқыған, мəдени шараларға қатысып, жан-жақты белсенділік көрсеткен тұрақты оқырмандар əр түрлі номинациялар бойынша арнайы алғыс хаттар жəне сыйлықтармен марапатталды. Жыл қорытындысы бойынша тұрақты оқырман С.Қонысовқа« Ең үздік оқырман -2017»,Т.Б Байбиновтер отбасына «Үздік оқырман отбасы», №5 мектеп-гимназиясына «Үздік оқырман мектеп-2017»,№8 «Тұлпар» балабақшасына «Үздік оқырман балабақша-2017» номинациялары, естелік сыйлықтар берілді. Сөз шеберлерімен кездесіп, рухани демаламын десеңіз, бұрын білген және білмегеніңізді танып, күнделікті өмір тынысымен бірге болам десеңіз КІТАПХАНАМЫЗ әрдайым ашық!    27 декабря 2017 года в читальном зале библиотеки прошло торжественное мероприятие «Читательские номинации», на котором сотрудники поблагодарили своих лучших читателей за многолетнее сотрудничество и преданность районной…

0 комментариев