«Кітапхана жұмысында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қызмет көрсету жолдары».
25 маусым күні аудандық орталық кітапханасында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және өзекті мәселелерді шешу» бойынша «Кітапхана жұмысында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қызмет көрсету жолдары» тақырыбында шеберлік класcы өтті. Шеберлік класында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері – құжаттарды өңдеу, жинақтау бөлімінің кітапханашы-редакторы Маханова Зоя Арасовна, автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы Келмағамбетова Айнұр Викторқызы, кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Утегенова Ақбөкен Сәрсенбайқызы және оқу залының кітапханашысы Жұмағалиева Алмагүл Сансызбайқызы кітапханаларды ондық жүйеге көшіру, web-rabis бағдарламасын қондыру, мобильді технологияларды қолдану, коворкинг орталықтарын ашу сынды тақырыптарда баяндамаларын жасады. Оған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 15 кітапханашы қатысып, өздеріне керекті мол ақпарат алды. Жұмыс барысында баяндамашылар кітапханашылардың сұрақтарына толық жауап берді.