“Брайль жүйесі бойынша үйрету жолдары”атты әдістемелік тренинг өтті

📚27 қыркүйек күні арнаулы кітапхана қызметкерлері Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Брайль жүйесі бойынша үйрету жолдары”атты әдістемелік тренингін өткізді. Әдістемелік тренинг мақсаты: зағип және нашар көретін оқырмандармен жұмыс барысында кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсету саласындағы үздік тәжірибелер мен жобаларды талқылау, кітапханалармен қатар білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланысты, әріптестікті нығайтып тәжірибе алмасу.
📚Шара барысында Дәметкен Абдуалиқызы “Арнаулы кітапхана тарихы және қазіргі кезең” тақырыбында баяндама оқып, бейнеролик көрсетілді. Максат Амантайұлы Браильша әліппе пернесін, тифлофлешплеер, “VoiceOver” және “Be My Eyes” мобильді қосымшаларымен таныстырып, Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу шеберлік сағатын өткізді. Сонымен қатар, бедерлі нүктелі қаріппен жазылған әдістемелік құралдардан көрме жасақталып библиофреш өткізілді. Кітапханаға сыйға “Сізбен қатар және сізбен бірге” атты жадынама табыс етілді. Сондай-ақ, Гульбану Берікқызы кітапхана ұжымына “Жақсы көңіл -күй жанға қуат” тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп ұжымға тамаша көңіл күй сыйлады. Шара қорытындысы әдістемелік тренинг мазмұнына сәйкес, кітапхана қызметкерлеріне арналған “Кітапханалық қарым-қатынас” сауалнамасымен аяқталды.

 

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021