«Ауғанстан жалыны»

 Ақпан айының 2-де Ақжар ауылында 15 ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл қарсаңында «Ауғанстан жалыны» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.  Шараға ауған соғысының ардагерлері Кужбанов А.Т.,Люкаев С.,Өтениязов Т., мұғалімдер, мектеп оқушылары,,аудандық, ауылдық кітапхана  және музей қызметкерлері қатысты. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ауғанстан-жүректегі жара» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жасалды.    

0 комментариев

«Ауғанстан-жүректегі жара»

 15- ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ақпан айының 4 де Дөң орта мектебінде Аудандық кітапхана,музей, мәдениет үйінің қатысуымен іс-шара өткізілді.Мақсаты- ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.  Аудандық кітапхана қызметкерлері «Ауғанстан-жүректегі жара» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып көпшілік қауым назарына ұсынды. Көрмеге қойылған кітаптар бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап берді.Шараға Ауған соғысының ардагері Тұрлыбаев Серікбай Қойбағарұлының анасы Сапен апай,бауырлары Карина, Әли қатысты.Шара барысында Карина,Әли Қойбағаровтар тәрбие ісінің орынбасары Календиров Әзірхан Нұрмағанбетұлының ауған соғысы ардагерлеріне арнап шығарған өлеңдерін оқыды, мәдениет үйінің өнерпаздары кешті әсем әндерімен  әрлеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады. Шараның қадірлі қонағы  Сапен апай жас ұрпаққа ақ батасын берді.    

0 комментариев

«Ауғанстан – жүректегі жара»

 Ақпан  айының 1- деаудандық кітапхананың  оқу залында  Қеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ерлік сағаты өткізілді.Аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Тымбаева М.К.  ауған соғысының тарихы туралы мәлімет берді және бейнесюжет көрсетілді. Кітапханашы Мангалова Д.М.«Ауғанстан – жүректегі жара» атты  кітап көрмесіне шолу жасады.Іс – шараға  Хромтау тау- кен техникалық колледж студенттері, оқытушы Хурметбек К.К.,Тыныштыкова Г.Б. катысты.       

0 комментариев