«Абай-дара, Абай –дана қазақта»

 10 қазан күні кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай балабақшалар арасында өткізілген «Абай-дара, Абай –дана қазақта» атты онлайн байқауының қорытындысы мен марапаттау рәсімі өткізілді. Байқауға қала мен ауыл балабақшаларының 33 бүлдіршіндері қатысып,әділқазылар шешімімен үш жүлделі орын қала балабақшалары және бес жүлделі орын ауыл балабақшасының балалары иеленді. Барлық байқауға қатысушылар алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.        

0 комментариев

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай аудандық кітапхананың оқу залында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға кітапхана саласында көп жыл еңбек еткен ардагер кітапханашылар және тұрақты зейнеткер оқырмандар шақырылды. Шара барысында аудандық кітапхананың қызметкері Мұратқали.А.Н орындауында «Қазақ биі», музыка мектебінің оқушылары Мырзабек Жадыра, Казиева Томиристың орындауында «Зимняя сказка» әні мен музыка мектебінің оқушылары «Балбырауын» мен «Адай» күйлерін нақышына келтіре орындап қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады.Қонақтар ұйымдастырушыларға, бүлдіршіндерге өздерінің ризашылықтарын білдіріп,ақ баталарын берді.Кітапхана директоры А.Ж. Таимова шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар тарту етті. Кеш соныңда мерекелік дастархан жайылды.       

0 комментариев