\»Үздік оқырман шоқжұлдызы-2019\»

 Хромтау аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26 желтоқсан күні ең белсенді, тұрақты оқырмандармен «Үздік оқырман-2019» марапаттау рәсімі  өтті.Жыл бойы кітапханаға үзбей келіп,  ең көп кітап оқыған, мәдени шараларға белсенділік танытқан тұрақты оқырмандарымызға «Кітапхананың сенімді серіктесі», «Кітапхана жанашыры», «Ең белсенді оқырман», «Үздік жасөспірім оқырман», «Зерттеуші оқырман», «Кітапхананың сенімді оқырманы» т.б.номинациялар берілді.Жылдың қорытындысы бойынша оқырмандар арасынан Мухамбетов Аманғали Бисенұлына «Ең үздік оқырман - 2019» номинациясы , №5 «Ақбота» бөбекжай – балабақшасы «Ең үздік оқырман балабақша - 2019» номинациясы , №2 Хромтау гимназиясы «Ең үздік оқырман мектеп - 2019» номинациясына  таңдалды. Шара соңында кітапхана директоры Таимова Айгуль Жакуповна тұрақты оқырмандар мен іс-шараларға белсене қатысқан мұғалімдерге және балабақша ұжымдарына алғыс хаттар мен сыйлықтар  табыстады        

0 комментариев