Зиманов Салық Зиманұлы-100 жаста

Көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, еңбек сіңірген ғалым, профессор, заң ғылымдарының докторы Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай Хромтау аудандық кітапхананың оқу залында «Зиманов Салық Зиманұлы – Заң ғылымының атасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін ұйымдастыру барысында Хромтау аумақтық әділет басқармасы басшысының м.а. Жеткуова Р. К. Салық Зимановтың өмірі мен шығармашылығы, оның ғылыми еңбектері туралы баяндама жасады.

0 комментариев

\»Парасат жолы\» орталығы ашылды

19 ақпан күні  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Адалдық алаңы» жобасы аясында кітапханаларда  «Парасат жолы» орталығының  ашылуы өткізілді. Шараға облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисовна,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Досанов Ғалымбек Нұрмыханұлы, қоғам қайраткері Отыншин Раукен Сағызбайұлы, ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тілеулесов Талғат Бұрханұлы, қалалық аудандық кітапхана директорлары, қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапханамыздың тұрақты оқырманы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі  Шамкеева Айгүл Рзақызы: Кітапхана – білім мен мәдениеттің, парасаттылықтың ошағы. Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның дамуы мүмкін емес. Парасаттылық пен адалдықты  балаға туғанынан бастап бойына сіңіру қажет. Сондықтан кітапхана қорларын мемлекеттік тілдегі балалар әдебиеттерімен толықтыру керек екендігі туралы ойымен бөлісті. Орталықтың мақсаты: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  «Адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығында адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық,сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

0 комментариев