«Адамзаттың алыбы – хакім Абай!» атты поэтикалық марафон өтті.

Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ашық аспан астындағы мәдени іс-шара 2025 жылдың 8 тамызы күні қаламыздың Абай даңғылында өтті. 📖Шараның негізгі мақсаты — ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың рухани-мәдени мұрасын насихаттау, ел жастарын поэзия мен өнерге баулу, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру болды. 📖Іс-шара аясында «Адамзаттың алыбы – хакім Абай!» поэтикалық марафон, Абай әндерін орындау, кітап көрмесі, қол өнер бұйымдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Абай өмірі мен шығармашылығына арналған сауалнама жұртшылық назарына ұсынылды. 📖Іс-шараға қала тұрғындары, мектеп оқушылары, студенттер, зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар белсенді қатысты. Бұл мәдени жиын ел руханияты мен тарихына деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. https://www.instagram.com/reel/DNGKPCVMbC-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Абай тағылымы — жас ақындар жырында

Тамыз айының 8 күні Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы және Хромтау ауданының 90 жылдығына орай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты жазба ақындар байқауы өтті. 📖Байқауға қаламыздың талантты жазба ақындары қатысып, Абай шығармашылығына, оның философиялық мұрасына, сондай-ақ Хромтау өңірінің өткені мен бүгініне арналған өлең-жырларын ұсынды. Байқау өскелең ұрпаққа тағылым беретін, рухани-мәдени тәрбиені арттыратын маңызды шара болды. 📖Байқау барысында қатысушылардың туындылары мазмұны, тіл байлығы, көркемдік ерекшелігі және Абай мұрасымен үндестігі тұрғысынан бағаланды. Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Бейнероликті көру үшін сілтемені басу арқылы көре аласыз.

0 комментариев

ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН 🎬 «АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ – ХАКІМ АБАЙ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ

📍 Хромтау ауданы бойынша мекемелер арасында ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған челлендж өткізіледі. 📌 Челлендж шарттары: • 👥 Әр мекеме ұжымының бір немесе бірнеше қызметкері 📖 Абай Құнанбайұлының бір өлеңін немесе қара сөзінен үзінді оқып, ⏱️ ұзақтығы 3 минутқа дейінгі бейнежазба (видео) дайындайды. • 🎥 Бейнежазба сапалы түсірілуі тиіс: жарық жеткілікті, дыбыс анық болуы қажет. • 🏢 Бейнежазбаның басында мекеме атауы мен челлендж атауы көрсетілуі керек. • 🎭 Шығарманы оқу кезінде көркемдік элементтер мен шығармашылық тәсілдер құпталады: лттық киім, киіз үй ішінен оқу, фондық музыка және т.б. • 🔁 Бейнежазба соңында бір мекемені челленджге шақыру қажет. • 📱 Дайын бейнежазба мекеменің Instagram парақшасында жарияланып, аудандық кітапхананы соавторлыққа белгілеу міндетті. 🗓️ Өтетін уақыты: 09 шілде – 09 тамыз 2025 жыл 📣 «Сөз түзеледі, тыңдаушы, сен де түзел!» – ұлы Абайдың өзі айтқандай, 🤝 Абайды оқып, Абайды тануға, Абайды насихаттауға бірге үлес қосайық! https://www.instagram.com/reel/DL4ggonMab7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев