«Адамзаттың алыбы – хакім Абай!» атты поэтикалық марафон өтті.

Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ашық аспан астындағы мәдени іс-шара 2025 жылдың 8 тамызы күні қаламыздың Абай даңғылында өтті. 📖Шараның негізгі мақсаты — ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың рухани-мәдени мұрасын насихаттау, ел жастарын поэзия мен өнерге баулу, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру болды. 📖Іс-шара аясында «Адамзаттың алыбы – хакім Абай!» поэтикалық марафон, Абай әндерін орындау, кітап көрмесі, қол өнер бұйымдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Абай өмірі мен шығармашылығына арналған сауалнама жұртшылық назарына ұсынылды. 📖Іс-шараға қала тұрғындары, мектеп оқушылары, студенттер, зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар белсенді қатысты. Бұл мәдени жиын ел руханияты мен тарихына деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. https://www.instagram.com/reel/DNGKPCVMbC-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Абай тағылымы — жас ақындар жырында

Тамыз айының 8 күні Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы және Хромтау ауданының 90 жылдығына орай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты жазба ақындар байқауы өтті. 📖Байқауға қаламыздың талантты жазба ақындары қатысып, Абай шығармашылығына, оның философиялық мұрасына, сондай-ақ Хромтау өңірінің өткені мен бүгініне арналған өлең-жырларын ұсынды. Байқау өскелең ұрпаққа тағылым беретін, рухани-мәдени тәрбиені арттыратын маңызды шара болды. 📖Байқау барысында қатысушылардың туындылары мазмұны, тіл байлығы, көркемдік ерекшелігі және Абай мұрасымен үндестігі тұрғысынан бағаланды. Жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды. Бейнероликті көру үшін сілтемені басу арқылы көре аласыз.

0 комментариев