📜 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» жазба ақындар байқауына қатысуға шақырамыз!
📜 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» жазба ақындар байқауы. 📌 Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы мен Хромтау ауданының 90 жылдығына орай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» атты жазба ақындар байқауы ұйымдастырылады. 📚1. Байқаудың мақсаты: • Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын насихаттау • Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық рухты нығайту • Жас қаламгерлердің шығармашылық қабілетін дамыту • Қазіргі заманмен үндес, өнегелі, ойлы поэзияны қолдау 👥 2. Қатысушылар: • Байқауға 20 жастан жоғары жас ақындар мен қаламгерлер қатыса алады • Қатысушы – жеке тұлға (ұжымдық өтініштер қабылданбайды) 📝 3. Байқау шарттары: • Өлең қазақ тілінде жазылуы тиіс • Бұрын жарияланбаған, арнайы осы байқауға арналған төл шығарма ұсынылуы қажет • Әр қатысушы 2 өлең ұсынады: 🟢 1-ші тақырып: Абай шығармашылығына арнау, рухани-танымдық ой толғау, хәкім Абайдың идеяларын жаңаша жеткізу 🟢 2-ші тақырып: Хромтау ауданының тарихы, дамуы, тұлғалары, табиғаты, еңбек адамдары, 90 жылдық мерейтойына арналған мазмұн қамтылуы тиіс • ✍️…