«Оқырмандар шоқжұлдызы» марапаттау рәсімі

       Желтоқсан айының 22 күні Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ымырттағы кітапхана-2022» әлеуметтік мәдени шара аясында «Оқырмандар шоқжұлдызы» атты марапаттау рәсімі өтті. Шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылар, барлық кітапханалардың тұрақты оқырмандары мен кітапханашылары қатысты. Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Санжар Абайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұргүл Сисенгалиевна және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бибігүл Ұзақбайқызы шара қонақтарын төменгідей номинациялар бойынша марапаттап, сыйлықтар табыс етті:
«Кітапхана жанашыры» номинациясы бойынша:
— №3 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Имекешова Құралай Марданқызы
— №7 Хромтау мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Калмуратов Жомарт Саматұлы
«Жарнама жаршысы» номинациясы бойынша:
— Хромтау аудандық кітапханасының әдіскері — Беркимбаева Динара Баймурзаевна
«Жасөспірім» номинациясы бойынша:
— №5 Хромтау гимназиясының 10 сынып оқушысы – Баймагамбетова Жулдуз
— №4 Хромтау орта мектебінің 6 сынып оқушысы – Серікбай Әсел
«Ең жас оқырман» номинациясы бойынша:
— №4 Хромтау орта мектебінің 1 сынып оқушысы – Беркимбаев Амир
«Кітапхана серіктесі» номинациясы бойынша:
— №1 Хромтау орта мектебі
— №5 Хромтау гимназиясы
— №7 Хромтау мектеп-гимназиясы
«Үздік оқырман мектеп – 2022» номинациясы бойынша:
— №4 Хромтау орта мектебі
«Үздік оқырман-балабақша-2022» номинациясы бойынша:
— №4 «Гүлдер бөбекжай-балабақшасы
«Үзік оқырман-2022» номинация бойынша:
— Аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы – Мукашева Жарас Шариповна
«Үздік ауылдық кітапхана» номинациясы бойынша
— Никельтау ауылдық кітапханасы марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, шығармашылық байланыстың нәтижесінде балаларды дайындап, ұйымдастырып отырған бөбекжай-балабақшаларының әдіскерлері де марапатталды. Олар:
— «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының әдіскері – Ләйля Маратқызы
— «Айгөлек», «Еркетай» бөбекжай-балабақшаларының әдіскері – Инабат Асқарқызы
— Ақбота» бөбекжай-балабақшасының әдіскері – Света Ташкенбайқызы
-«Тұлпар» б/б тәрбиешісі-Ләззат Жалғасқызы.                                                                                                        Шара соңында ауданымыздың талантты жұлдыздары кештің көркін ән-жырымен көркемдеп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Автор публикации

не в сети 1 час

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 564Регистрация: 20-10-2021