Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі және аудандық кітапханасы бірлесіп 1 қазан- Халықаралық Қарттар күніне орай “Қарттар-өмірдің қазынасы” атты аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне арнап мерекелік шара ұйымдастырды.
Шара барысында қариялар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға тағылымды әңгімелер айтып, ақ баталарын берді. Аудандық тарихи- өлкетану музейінің директоры Амангалиева Н.Ж қонақтарды мерекелерімен құттықтап,алғыс хаттармен марапаттады.Қатысушылар рухани әсер алып, қарым-қатынастың мәнін сезінді. Қариялар көрсетілген сый-құрметке өз ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Бисенов Ғ.Ә. әсем әндерімен қонақтарға көтеріңкі көңіл -күй сыйлады.
