«Бір ел – бір кітап — 2019»

27 ақпанда  аудандық  орталық  кітапханада  «Бір  ел – бір  кітап  —
2019» Республикалық
  оқу  акциясының  салтанатты  ашылуы  өтті. Бұл  шараға қалалық  мектеп, колледж, ауылдық  кітапханаларының  кітапханашылары, Хромтау тау-кен  техникалық  колледжінің  студенттері  мен  оқытушылары
қатысты. Жиында
 кітапханашылар  Мансия Тымбаева  мен  Тамара Жиембаева Әбіш  Кекілбаев пен  Әбділдә  Тәжібаевтың  өмірбаяндарын, шығармаларын баяндаса,  № 5  Хромтау мектеп  гимназиясының  оқушылары  Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін  оқыды. Шара  барысында  кітапхана  дирекоры  Нуртай  Жетесов,
«Қазақ тілі»
 қоғамының  торайымы Мариям  Жұмағалиева, № 6 Хромтау
мектеп
 гимназиясының  кітапханашысы Әлия  Елеусізова  сөз сөйлеп, акция жөнінде  және  Әбіш Кекілбаев  пен  Әбділды Тәжібаевтың  шығармалығы туралы  айтып  өтіп
, өздерінің
 ой – түйіндерімен  бөлісті. Еске  сала кетсек, елімізде  Республикалық  «Бір ел — бір кітап»  акциясы  2007  жылдан  бастап
өткізіліп
 келеді. Акциясының  мақсаты  –  ұлттық әдебиетіміздегі  ең  үздік
деген
 туындыны  оқу  және насихаттау, Қазақстанның  әдеби  мұрасын зерттеуге  деген қызығушылықты  дамыту, қоғамның  оқуға  деген  ықыласын
көтеру, сонымен
 қатар  жасөспірімдердің  зияткерлік  – рухани  дамуына  ықпал жасау.Биылғы  жылғы  «Бір ел — бір кітап»  Республикалық  оқу  акциясына Әбіш  Кекілбаевтың  « Аңыздың ақыры»  романы  мен Әбділдә  Тәжібаевтың лирикалық  поэмалары  таңдалды.

   
«Бір ел – бір кітап - 2019» «Бір ел – бір кітап - 2019» «Бір ел – бір кітап - 2019»

Автор публикации

не в сети 2 месяца

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 726Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий