27 ақпанда аудандық орталық кітапханада «Бір ел – бір кітап — 2019» Республикалық оқу акциясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл шараға қалалық мектеп, колледж, ауылдық кітапханаларының кітапханашылары, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Жиында кітапханашылар Мансия Тымбаева мен Тамара Жиембаева Әбіш Кекілбаев пен Әбділдә Тәжібаевтың өмірбаяндарын, шығармаларын баяндаса, № 5 Хромтау мектеп гимназиясының оқушылары Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін оқыды. Шара барысында кітапхана дирекоры Нуртай Жетесов, «Қазақ тілі» қоғамының торайымы Мариям Жұмағалиева, № 6 Хромтау мектеп гимназиясының кітапханашысы Әлия Елеусізова сөз сөйлеп, акция жөнінде және Әбіш Кекілбаев пен Әбділды Тәжібаевтың шығармалығы туралы айтып өтіп , өздерінің ой – түйіндерімен бөлісті. Еске сала кетсек, елімізде Республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акциясының мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік – рухани дамуына ықпал жасау.Биылғы жылғы «Бір ел — бір кітап» Республикалық оқу акциясына Әбіш Кекілбаевтың « Аңыздың ақыры» романы мен Әбділдә Тәжібаевтың лирикалық поэмалары таңдалды.
|