2026 жылғы 17 маусым күні аудандық кітапханада «Жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғамның дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
🎯 Шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту.
📖 Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оған қарсы іс-қимылдың маңыздылығы және әрбір азаматтың құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
💬 Қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, тақырыпқа қатысты ақпараттық материалдар таныстырылды.
👥 Аталған іс-шараға ауылдық кітапханалардың кітапханашылары қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін қолдады.
✅ Дөңгелек үстел өз мақсатына жетіп, қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы түсінігін кеңейтіп, қоғамның тұрақты дамуы мен өркендеуіндегі оның маңызды рөлін айқындауға ықпал етті.