«Ақ орамал – ізгіліктің бастауы»

    28 наурыз күні Хромтау аудандық кітапхана қабырғасында кітапхана және аудандық мәдениет үйі қызметкерлері «Ақ орамал» республикалық акция аясында «Ақ орамал – ізгіліктің бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараның мақсаты – аталы сөзден аттамай, салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген, қасиеті қанына сіңген қазақ ұлтының өнегеге толы өмірінің бір бөлшегі – ақ орамалдың қасиетін қастерлеп, жастарға жеткізу. Дөңгелек үстелге облыстық және аудандық шараларға белсене қатысып жүрген «Замандастар» халықтық хор ұжымының ақ жаулықты аналары қатысты. Дөңгелек үстел барысында әуезді әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Ақ жаулықты аналарымыз орамал жайлы орамды ойларын айтып, пікір білдірді. Мұсылман халқының әйелдері үшін орамал тағу парыз саналған. Батыс елдерінде орамалды қорғаныш ретінде тағатын болса, қазақ халқы үшін орамал – ибалықтан, инабаттылықтан көрініс береді. Орамал – құрмет пен қасиетке ие болған әйел адамның көркіне көрік, әдемілігіне сән қосқан әшекей. Құстың қауырсынындай салмаққа ие болса да үлкен қасиетке ие, — деді «Замандастар» халықтық хор ұжымының мүшесі Садыкулова Мария анамыз. Қазақ әйелдері үшін орамал – тазалық пен тәртіптің белгісі. Қазіргі кезде жаңа заман жетегінде жүріп орамалдың қадірін түсіріп алдық. Артымыздағы ұрпаққа үлкен ретінде үлгі болып, өнеге беруіміз қажет. Орамалды тек үлкен буынға емес, жастарға да тағуға кеңес беремін, — деді Бекетова Ғалия апамыз. Пікір білдіру барысында жас буындар ақ жаулықты аналарға көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап ала білді.
Сонымен қатар, шара барысында ақ жаулықты аналар қазақтың салт-дәстүрінен көріністер көрсетіп, жастарды қазақтың қасиетті салттарына қанықтырды. Кітапхана қызметкерлері «Ақ орамал бейбіт болашақтың негізі» атты кітап көрмесіне шолу жүргізді.

  28 марта в Хромтауской районной библиотеке сотрудники Дома культуры и библиотеки провели круглый стол на тему «Ак орамал». Цель мероприятия: познакомить с республиканской акцией «Ак орамал», рассказать о ее целях и задачах. В мероприятии приняли участие хор «Замандастар», активно участвовавших в региональных и районных мероприятиях. За круглым столом были исполнены песни и прочитаны стихи, а также всех призвали носить белый платок. Также было отмечено, что белый цвет – это символ чистоты, символ материнства, цвет материнского молока – основы жизни человечества, символ чести. Отметив особенности и достоинства белого платка, пожелали девушкам быть почтительными и порядочными невестками, матерями, соблюдать древние традиции своего народа, принимать участие в воспитании подрастающего поколения, ведь от того, как будут воспитаны наши дети, какими они вырастут, зависит и будущее нашей страны. В ходе мероприятия участники круглого стола познакомились с обрядами и традициями казахского народа.В заключении был проведен обзор литературы, представленной на книжной выставке «Ақ орамал бейбіт болашақтың белгісі».

«Ақ орамал – ізгіліктің бастауы» «Ақ орамал – ізгіліктің бастауы» «Ақ орамал – ізгіліктің бастауы» «Ақ орамал – ізгіліктің бастауы» «Ақ орамал – ізгіліктің бастауы»

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 473Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий