Абай-175

 Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен khromtau_kitaphana инстаграм парақшасында 15 қаңтар және 15 тамыз аралығында «Абай әлемі/Мир Абая» онлайн оқулар өткізілді. Мақсаты: Ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың  шығармаларымен таныстыру. Өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Онлайн оқуларға балабақша бүлдіршіндерінен бастап әртүрлі жастағы оқырмандар қатысты. Сонымен қатар, «Өлең –сөздің патшасы» атты байқау өткізілді. Сайыстың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. Бірінше кезеңде ақынның  білім,ғылым,өнер тақырыбындағы шығармалары жатқа оқылды,екінші кезеңде Абайдың әндерін орындау, үшінші кезеңде бейнебаян дайындалды. Сарысай ауылдық кітапханасында  «Абай-дана, Абай дара-қазақта» әдеби сағат өткізілді. Шарада ақынның өмірі, шығармалары туралы мол мағлұмат беріліп, өлеңдері оқылды.

 

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 473Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий