«Алғыс айту-игілік сыйлау»

 Талайлы тағдырлардың басын өз
шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған
Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні- 1
наурыз Алғыс айту күніне
орай аудандық кітапхананың оқу залында «Алғыс айту-игілік сыйлау»  атты 
мерекелік шара өткізілді. 
Шараға  аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы
М.Т.Жұмағалиева, мәдениет және  кітапхана
саласында көп жылдар еңбек еткен
Р. И. Ильясова және А.Ғ.
Сейтимбетова, Л.М.
Крыжановская
қатысты.Сонымен қатар , №1 мектеп оқушылары
А.Молдахметова, Қ.Бердіғалиев, Мектептен тыс білім беру орталығының оқушылары қатысып,
Муафикова Айнұр «Туған жер» әнін, «Шабыт» би тобы  «Ой Варенька,Варенька» орыс биін, «Асыл мұра»
үйірмесінің оқушысы Апетова Дильназ «Сыпыра жыраудың термесін» орындап қонақтарға
мерекелік көңіл күй сыйлады. Қонақтар ұйымдастырушыларға, бүлдіршіндерге өздерінің
ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Кітапхана директоры Н.А. Жетесов
шараға қатысушыларға  алғысын білдіріп,
естелік сыйлықтар тарту етті. Шара мерекелік дастарханмен жалғасты.
   
«Алғыс айту-игілік сыйлау» «Алғыс айту-игілік сыйлау»  «Алғыс айту-игілік сыйлау»

Автор публикации

не в сети 8 часов

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 495Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий