Аналар күніне орай ұйымдастырылған «Аналар күні – махаббат пен алғыстың мерекесі» атты қонақжай кеші жоғары деңгейде өткізілді.
📚 Іс-шараның мақсаты – анаға деген құрметті арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу және жас ұрпақты мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
👩👩👧 Кеш қонақтары: Кунтаева Нұршат Жомартқызы мен Серікбаева Гүлсезім Мұратқызы қатысты.
🎶 Кеш барысында аналарға арналған әндер шырқалып, қатысушылар ана туралы әсерлі ойларымен бөлісіп, мерекелік құттықтауларын арнады. Сонымен қатар 📖 қызықты мақал-мәтел ойындары мен ❓сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
✨ Шараға кітапхана оқырмандары, аналар және көпшілік қауым қатысып, мерекелік кеш ерекше әсерге бөленді.
📚 Кеш соңында «Ана бейнесі – көркем әдебиетте» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, аналарға алғыс айтылып, ізгі тілектер білдірілді.