“Қаныш Сәтбаев мұрасы және рухани құндылықтар” оқырмандар конференциясы

🔰30 сәуір күні аудандық кітапханада қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай “Қаныш Сәтбаев мұрасы және рухани құндылықтар” атты конференция өтті.
Шараға Хромтау тау — кен техникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты.
📚Мақсаты: отандық ғылымның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау, ел дамуына елеулі үлес қосқан әйгілі тұлғаның өмір жолдары, еңбектері туралы мол мағлұмат беру.
📚Аталмыш шарада Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші қызметкері Жолдыбаева Л.К. және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенті Тулебекова Ж. ғалымның ізгілікті мұрасы туралы баяндама жасады. Студенттер өз ойларын ортаға салып пікір алмасты. Белсене қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 565Регистрация: 20-10-2021