Ата заңым аялайды елімді!

Ата заңым аялайды елімді!  Ата заңым аялайды елімді!

28 тамызда Хромтау аудандық кітапханасының  балалар бөлімінде  30 тамыз – Конституция күніне орай «Ата заңым аялайды елімді!» атты тәрбие  сағаты өткізілді.

Қатысушылар: №3, 5 мектеп оқушылары  

Мақсаты:

— ҚР Ата Заңына құрмет, кітапхана кітап қорындағы құқықтық әдебиеттерді насихаттау, оқырманның құқықтық білімін көтеру.

— Оқырмандарды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу.

Шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Кітапханашы Конституция туралы мағлұмат беріп, оқырмандар арасында құқықтық білімін нығайтуда баяндама  жасады. Балалар сөзжұмбақ шешіп, ұлы көсемдердің нақыл сөздерін, жыр-шумақтарын жатқа оқып, әнмен шашу шашты.

«Ата заңым — айбарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандарға «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы», «Заң дегеніміз не?, «Адам құқықтары» туралы қарапайым тілмен ұғындырып, Ата Заң – әр азаматтың бұлжытпай орындайтын заңның темірқазығы екендігі түсіндірілді.

Тәрбие сағаты «Жаса Қазақстан» әнімен аяқталды.

 

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 493Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий