Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты

                

«Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты» тарихи-танымдық конференциясы

     ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерін; азамат соғысы, әскери коммунизм, ашаршылық, ұжымдастыру, индустрияландыру, сталиндік қуғын-сүргін оқиғаларының тарихи маңызын ашу. Қуғын-сүргінге ұшыраған жергілікті жерлестеріміз, депортацияға ұшыраған халықтар туралы шараға қатысушы қонақтарға, мұғалімдерге, оқушыларға мол мағлұмат беру. Тарихтың ақтаңдақтарын аша отырып болашақ ұрпаққа ұлтжандылық қасиет орната білуге, тарихын білуге шақыру. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған жерлестер туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру мақсатында Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудандық кітапхана бірлесе отырып «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне», оның ішінде жаппай қуғын-сүргінге 80 жылдығына байланысты «Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты» атты тарихи танымдық конференциясын өткізді. Аталған іс-шараға Хромтау тау- кен техникалық коледжінің 1курс студенттері, тарих пәні мұғалімдері қатысты.

    Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Әли Алмат Амангелдіұлының ашаршылық және жаппай қуғын-сүргін құрбандарына арнап құран бағыштаудан басталды.

    Конференция алғашқы баяндамасын аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Амангалиева Нұргүл Жолмұратқызы бастады. 1928 жылғы ірі байларды және жартылай феодалдарды кәмкескелеу декретінің зардаптары, Хромтау ауданының территориясында дін қайраткерлерінің қуғынға ұшырауы туралы баяндама жасады.

    Музей кіші ғылыми қызметкері Жетесов Нұртай Алмасұлы «Жергілікті жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандар» атты баяндама оқып, репрессия кезеңдері және зардаптарын, аудандағы қуғын-сүргіннің жүру тарихына тоқталды.

    Кітапханашы Жиембаева Т.С «Азалы тарихқа айрықша тағзым» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді. Шолуға Т.Абылайхановтың «Сұрапыл жылдар», З. Байдосыұлының «Зұлмат пен үрей: зобалаң анатомиясы», Қ.Сақтың «Алаш мұрасы», Д. Қамзабекұлының «Алаштың рухани тұғыры», Қуғын-сүргін құрбандары және т.б әдебиеттер мен мерзімді басылымдар пайдаланылып, оқырмандарға таныстырылды. Шолудың мақсаты — қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы оқырмандарға мағлұмат беру,олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. Ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету. Бұл күнді Қазақстанның әрбір азаматы үшін есте сақтау қасиетті парыз екенін түсіндіру.

    Шара кітапхана архивінде сақталған ашаршылық куәгерлері туралы бейнероликтер көрсетумен жалғасты.

    Бөгетсай мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Құдайбергенов Берік «Бөгетсай жеріне корей халқының депортациялануы» туралы қысқаша баяндама мен Бөгетсай ауылында туып-өскен корейлердің естелік бейнероликтерін көрсетті. Сонымен қатар олардың арнайы сәлемдемесі; көрей халқының ұлттық киімі мен фото, архив құжаттарын музей қорына тапсырды. Тарихи танымдық шараға Дөң кен байыту комбинаты музейінің қызметкері Тұрымов Әлібек Естайұлы музей қорына Ахмет Байтұрсыновтың 1914 жылы шыққан «Төте жазу Әліппесін»Қырғызстанның баспасынан шыққан нұсқасын музейге сыйға тапсырды.

    №2 Хромтау гимназиясының тарих пәні мұғалімі Уксукбаев Амангелді «АЛЖИР –дің азабынан өткендер» тақырыбында баяндама жасады.
Шараның құрметті қонақтары – София апай, Мариям Төрегалиевна, Бекжанов Жомарт өздері көрген-білгендерімен бөлісіп, болашақ ұрпаққа тәрбиелі, білімді болуды және қиын заманның енді болмауын тіледі.
Шараның қорытындысын кітапхана әдіскері Әбиева Баян Тойбазарқызы құрметті қонақтарға алғыстарын білдіріп сыйлықтар табыстаумен аяқтады.



Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты  Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 477Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий