Ашық аспан астындағы оқу залы

    28 маусым күні  аудандық кітапхана алаңында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында «Ашық аспан астындағы оқу залы» ұйымдастырылды. Шара №1 орта мектебінің оқушылары мен жетекшісі Қажиғалиев Сұлтан Алдабергенұлының қатысуымен өтті. Кітапханашы Жанаева Мөлдір ертегі әлеміндегі қызықты  кітаптармен таныстырып, оқушыларды бос уақытында кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды. Балалар алаңдағы үстел ойындарына жайғасып шахмат, шашка, дамино, пазыл ойындарын ойнады. Көңілді старт ойындарынан оқушылар үш топқа бөлініп сайысқа түсті. Нәтижесінде кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Айтанатова оқушыларды көңілді старт ойындарына белсене қатысқандары үшін барлығына сыйлықтар таратты. Оқушылар кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдірді. Кітапхана директоры Н.А.Жетесов  жазғы демалыс лагерінің жетекшісі С.А.Қажығалиевқа алғыс хат табыстады. Шара соңында барлық қатысушыларға кепілдеме хаттар мен жадынамалар таратылып, естелік суретке түсті.            

0 комментариев

«Халқының жүрегінде ақын жыры»

 26 маусым күні аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог - Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Халқының жүрегінде ақын жыры»атты әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты:  ақын өмірі мен шығармашылығы, поэзия әлеміндегі алатын орны. Ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру. Әдеби кеш  мектеп оқушылары мен мектептен тыс білім беру орталығы мұғалімдерінің қатысуымен өтті. Оқушылар Мағжанның өлеңдерін нақышына келтіріп, тебірене оқыды. Батыр бабаларымыздың ерлігін жырлаған «Батыр Баян» деректі фильмінен қысқаша үзінді көрермендер назарына ұсынылды. Кітапханашы Тугелова Нұрсұлу Жұмабекқызы «Мағжан мұрасы – ұрпақ санасында» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Мағжан поэзиясы мәңгі өшпес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, махаббат, сүіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние. Кеш соңында сөз кезегі Аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мәриям Төреғалиқызына берілді. Кітапхана ұжымы мен оқушыларға өз лебізін білдіріп, жас ұрпақтың Тәуелсіз еліміздің  сенімді, білімді азаматы болып өсулеріне тілектес екенін айтты.            

0 комментариев

«Кітапхана жұмысында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қызмет көрсету жолдары».

  25 маусым күні аудандық орталық кітапханасында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және өзекті мәселелерді шешу» бойынша «Кітапхана жұмысында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қызмет көрсету жолдары» тақырыбында шеберлік класcы өтті. Шеберлік класында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері – құжаттарды өңдеу, жинақтау бөлімінің кітапханашы-редакторы Маханова Зоя Арасовна, автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы Келмағамбетова Айнұр Викторқызы, кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Утегенова Ақбөкен Сәрсенбайқызы және оқу залының кітапханашысы Жұмағалиева Алмагүл Сансызбайқызы кітапханаларды ондық жүйеге көшіру, web-rabis бағдарламасын қондыру, мобильді технологияларды қолдану, коворкинг орталықтарын ашу сынды тақырыптарда баяндамаларын жасады. Оған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 15 кітапханашы қатысып, өздеріне керекті мол ақпарат алды. Жұмыс барысында баяндамашылар кітапханашылардың сұрақтарына толық жауап берді.         

0 комментариев