«Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры»

     Мамыр айының 11 күні №5 мектеп-гимназиясының кітапханасында аудандық кітапхананың қатысуымен, «Оқитын өлке» акциясы аясында Өтежан Нұрғалиевтың «Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры» атты танымдық сағаты өткізілді. Аудандық кітапхана «Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры» атты кітап көрмесін жасақтады. Көрмеге «Соғыстың соңғы жазы», «Соны сұхбаттар», «Афина мектебі», «Өтежан Нұрғалиев» атты кітаптар қойылды. Кітапханашы Тугелова Нурсұлу шолу жасап, ақын өмірбаянымен таныстырды. Мектеп кітапханашысы «Оқитын өлке» акциясы жайлы оқушыларға қысқаша мәлімет берді. Сондай-ақ, оқушылар сұрақтарын қойып, шараға белсене қатысты. 7-сынып оқушылары қазақтың көрнекті ақыны Өтежан Нұрғалиевтың өлеңдерін жатқа айтты. Сонымен қатар, Бисекеева Алина ақынға өз шығармашылығымен жазған арнау өлеңін оқыды. Шара соңында Елеусизова Нургул Мұханбетқызы оқушыларға алғысын айтып, танымдық сағатты өз сөзімен аяқтады.    11 мая в библиотеке школы-гимназии №5 в рамках акции «Оқитын өлке» с участием районной библиотеки прошел литературный час Отежана Нургалиева «Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры». Районная библиотека подготовила книжную выставку «Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры». На выставке были представлены книги Отежана Нургалиева «Соғыстың соңғы жазы», «Соны…

0 комментариев

«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!»

    Аудандық кітапхананың оқу залында 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойына орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» тақырыбында өткен тыл еңбеккерлерімен кездесу кеші Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Шараға тыл ардагерлері Мұхамбетов Аманғали Бисенұлы, Салдықбаев Қадыржан Есенбайұлы қатысып, жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерліктерімен жеңіс күнін жақындатқан майдангер ата-апаларымыз жайлы ұлағатты әңгімелер айтып, бір сәт елге де, ерге де сын болған соғыс жылдарына дөп келген балалық шақтарын естеріне алып, жастарды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды. Мектептен тыс білім беру орталығының «Сөз өнері» үйірмесінің оқушылары: Шегебаева Саяжан М.Мақатаевтың «Менен сұра»; Баимбет Әсел, Қайрат Жұмағалиевтың «Мен соғысты жек көрем»; Амангельдина Әсел, Тұманбай Молдағалиевтың «22 июнь 1941 жыл. Ең ұзақ күн», Мұхамбеді Ақбану, Күләш Ахметованың «Ғасыр қасиеті» т.б. өлең жырларды жатқа айтып, би үйірмесінің кішкентай бүлдіршіндері ардагерлерге арнап би билеп, № 5 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Амангельдина Әсел «Қазақстаным» әнін орындап берді. Аталмыш шараға мектептен тыс білім беру орталығының үйірме…

0 комментариев

«Дауылпаз жырдың тарланы»

     Мамыр айының 3 күні аудандық кітапханада Халық көтерілісінің белгілі басшыларының бірі Махамбет Өтемісовтің туылғанына 215 жылдығына арналған «Дауылпаз жырдың тарланы» атты ақпараттық сағаты өтті. Шараға №3 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Тамара Сагирқызы оқушыларға қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, сол көтерілістің жалынды жыршысы Махамбет Өтемісұлы туралы мәлімет берді. Абонемент бөлімінде «Дауылпаз жырдың тарланы» атты кітап көрмесі жасақталып, кітапханашы Тугелова Нұрсұлу Жұмабекқызы библиографиялық шолу жасады.    Одним из видных представителей казахской поэзии первой половины XIX века является Махамбет Утемисов, друг и соратник Исатая Тайманова — предводителя крестьянского антифеодального восстания казахов 1836—1837 годов, к 215 со дня рождения Махамбета Отемисова 3 мая в районной библиотеки организовали книжную выставку «Дауылпаз жырдың тарланы». Библиотекарь Тугелова Нурсулу Жумабековна провела краткий обзор книг и рассказала ученикам, что Махамбет Утемисов в истории казахского народа занимает особое место, дерзкий герой, пламенный летописец, он отразил в своей огненной поэзии мятежный дух…

0 комментариев