«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!»

    Аудандық кітапхананың оқу залында 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойына орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» тақырыбында өткен тыл еңбеккерлерімен кездесу кеші Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Шараға тыл ардагерлері Мұхамбетов Аманғали Бисенұлы, Салдықбаев Қадыржан Есенбайұлы қатысып, жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерліктерімен жеңіс күнін жақындатқан майдангер ата-апаларымыз жайлы ұлағатты әңгімелер айтып, бір сәт елге де, ерге де сын болған соғыс жылдарына дөп келген балалық шақтарын естеріне алып, жастарды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды. Мектептен тыс білім беру орталығының «Сөз өнері» үйірмесінің оқушылары: Шегебаева Саяжан М.Мақатаевтың «Менен сұра»; Баимбет Әсел, Қайрат Жұмағалиевтың «Мен соғысты жек көрем»; Амангельдина Әсел, Тұманбай Молдағалиевтың «22 июнь 1941 жыл. Ең ұзақ күн», Мұхамбеді Ақбану, Күләш Ахметованың «Ғасыр қасиеті» т.б. өлең жырларды жатқа айтып, би үйірмесінің кішкентай бүлдіршіндері ардагерлерге арнап би билеп, № 5 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Амангельдина Әсел «Қазақстаным» әнін орындап берді. Аталмыш шараға мектептен тыс білім беру орталығының үйірме оқушылары мен жетекшілері және №5 мектеп-гимназиясының 8сынып оқушылары қатысты.
«Ұлы жеңіске мың тағзым!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Жанаева Мөлдір шолу жүргізді. Шара соңында кітапхана директоры Жетесов Нұртай Алмасұлы ардагерлерге алғысын білдіріп, сыйлықтар ұсынды.

  5 мая в читальном зале Хромтауской районной библиотеки прошла встреча с ветеранами труда посвященные 73 летию со дня Великой Победы. На встречу были приглашены ветераны тыла Мұхамбетов Аманғали Бисенұлы, Салдықбаев Қадыржан Есенбайұлы. Цель мероприятия: воспитать в учащихся уважение и почтение к защитникам нашей родины , воспитать патриотизм, гордость за свою Родину, мужество, героизм. Мероприятие началось в торжественной обстановке,почтили память погибших минутой молчания.Ученики внешкольного образования кружка «Сөзөнері» читали стихи ШегебаеваСаяжан стихи М.Макатаева «Менен сұра»; Баимбет Асель стихи Кайрата Жумагалиева «Мен соғысты жек көрем» АмангельдинаАсель стихи ТұманбаяМолдагалиева «22 июнь 1941 жыл. Ең ұзақ күн»,Мухамбеди Ақбану стихи Куляш Ахметовой «Ғасыр қасиеті» . Ученица 4 «а» класса школы-гимназии №5 Амангельдина Асель исполнила песню «Казакстаным». Также организовали книжную выставку «Ұлы жеңіске мың тағзым» и библиотекарь Жанаева М.М провела краткий обзор книг. В конце встречи директор библиотеки Жетесов Нуртай Алмасович поздравил всех с праздником и вручил гостям ценные подарки.

«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» 
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!»

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 477Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий