Жастығын жалын шарпығандар

     Хромтау аудандық кітапхана қабырғасында 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 29 жыл толуына байланысты «Жастығын жалын шарпығандар» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н.Елеутов, қалалық мектеп оқушылары, тау-кен техникалық колледжінің студенттері және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ардагерлер қатысты. Шара Отан үшін соғыс жалынынан қорықпай, кеудесін оққа тосып қаза болған жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алудан басталды. Кездесуде сөз сөйлеген «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н.Елеутов өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ардагерлерді жасөспірімдерге үлгі етті. Шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншілері ардагерлерге арнап ән орындаса, мектеп оқушылары жалынды жырларын тарту етті. Ардагерлер жасөспірімдерді елдің патриоты болуға шақырып, тарих беттеріндегі естеліктерімен бөлісті және әр жыл сайын шара ұйымдастырып, елеусіз қалдырмайтын кештің өтуіне түрткі…

0 комментариев

«Әннің гауһары, жырдың жауһары — Мұқағали»

 Ақпан айының 9 күні аудандық кітапхана мәдениет үйімен бірлесіп ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 87 жыл толуына арналған «Әннің гауһары жырдың жауһары- Мұқағали» атты әдеби –сазды кеш өткізді. Қазақ поэзиясының алыбы, өмірі өлең, өлеңі өмірге арналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Ақын өлеңдерін насихаттау, жастар бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында өткен шара №3 мектеп оқушылары және мектеп кітапханашысы Талтанова А.А. қатысуымен өткізілді. Шара барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, ақын сөзіне жазылған \"Саржайлау”, \"Бақыт” және тағы басқа әндерді шырқады. Сонымен қатар 7-8 сынып оқушылары ұлы ақынның \"Жетімдер үні”, «Музаға» поэмасынан театрландырылған қойылымды шебер көрсетті. Ақын шығармашылығына деген махаббаттарын осылайша көрсеткен ақынжанды оқушылар, сонымен бірге, өз жүректерінен шығарған арнау өлеңдерін оқыды, «Мұқағали-поэзия жұлдызы» кітап көрмесі және ақын шығармасы мен өмірбаянынан сыр шертетін слайд-шоу қатысушылар назарына ұсынылды. Кешке келген жыр сүйер қауым ақын әндерімен сусындап, бүгінгі ұрпақтың ақын өнерін, шығармашылығын қастерлей білетіндіктеріне көз жеткізді. Бүкіл саналы өмірінде…

0 комментариев

Кітапханада кітап іздеу

 Аудандық кітапханада №6 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Сагимбаева Эльмира Нұрланқызы «Кітапханада кітап іздеу» атты кітапханалық сабақ өтті. Саяхат жүргізіліп, кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырылды, кітапхана ережелері, жадынамалар таратылды, кітап көрмелерін тамашалады. Кітапханалық сабақтың мақсаты: Кітапқа деген қызығушылықтарын дамыту, танымдық оқу дағдыларын қалыптастыру, табиғи-ғылыми, әдебиеттік, адамгершілік тақырыбындағы кітаптармен, қазақ, орыс, шетел классиктерінің шығармаларымен таныстыру. Оқушыларды оқу мәдениетіне үйрету, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, кітапхананы пайдалана алуға үйрету. Шығармашылық ойлауын дамыту үшін жүйелі түрде әдебиеттерді оқуға талпындыру. Шара барысында кітапхана қызметкерлері оқушыларға «каталог», «картотека» сөздеріне түсінік берді. Каталогтың түрлерімен, РАБИС бағдарламасы, энциклопедиялар, жаңа түскен кітаптар бойынша мағлұмат берді. Кітапханада өткізілген іс-шаралар туралы слайд көрсетілді. Оқушылар көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын танытып, өздерінің сүйіп оқитын кітаптары, болашақта таңдаған мамандықтары туралы ойларын ортаға салды.   В Хромтауской районной библиотеке для учеников 9-ых классов прошел библиотечный урок «Кітапханада кітап іздеу». Учащимся, которые пришли вместе с классным руководителем библиотекари организовали экскурсию по отделам, где рассказали о правилах пользования библиотекой, познакомили с фондом, книжными выставками. Цель:…

0 комментариев