«Әннің гауһары, жырдың жауһары — Мұқағали»

 Ақпан айының 9 күні аудандық кітапхана мәдениет үйімен бірлесіп ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 87 жыл толуына арналған «Әннің гауһары жырдың жауһары- Мұқағали» атты әдеби –сазды кеш өткізді. Қазақ поэзиясының алыбы, өмірі өлең, өлеңі өмірге арналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Ақын өлеңдерін насихаттау, жастар бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында өткен шара №3 мектеп оқушылары және мектеп кітапханашысы Талтанова А.А. қатысуымен өткізілді. Шара барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, ақын сөзіне жазылған \»Саржайлау”, \»Бақыт” және тағы басқа әндерді шырқады. Сонымен қатар 7-8 сынып оқушылары ұлы ақынның \»Жетімдер үні”, «Музаға» поэмасынан театрландырылған қойылымды шебер көрсетті. Ақын шығармашылығына деген махаббаттарын осылайша көрсеткен ақынжанды оқушылар, сонымен бірге, өз жүректерінен шығарған арнау өлеңдерін оқыды, «Мұқағали-поэзия жұлдызы» кітап көрмесі және ақын шығармасы мен өмірбаянынан сыр шертетін слайд-шоу қатысушылар назарына ұсынылды. Кешке келген жыр сүйер қауым ақын әндерімен сусындап, бүгінгі ұрпақтың ақын өнерін, шығармашылығын қастерлей білетіндіктеріне көз жеткізді. Бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген Мұқағали Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес және оны жаттап өту біздің парызымыз. Шара соңында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева оқушыларға ризашылығын білдірді

 9 февраля 2018 года выдающемуся казахскому поэту, писателю и переводчику Мукагали Макатаеву исполнилось бы 87 лет. В честь этой даты в Хромтауской районной библиотеке провели литературный вечер «Әннің гауһары жырдың жауһары- Мұқағали». Вечер, посвященный великому казахскому поэту Мукагали Макатаеву прошел в очень теплой и творческой обстановке. В целях воспитания уважение к своей Родине, традициям, духовным ценностям народа в молодежи, были приглашены ученики Хромтауской средней школы № 3, которые пришли с библиотекарем Талтановой А.А, так как поэзия Макатаева несет в себе огромный заряд патриотизма, основными составляющими которого являются любовь к своему народу, языку. В начале мероприятия ученики прочитали стихи Мукагали Макатаева, в которых чистота и ясность, простота в выражении самых глубинных человеческих чувств и переживаний поражают читателя, прикоснувшегося к его поэзии и спели песни написанные на его стихи «Саржайлау», «Бақыт». Ученики 7-8 классов ХСШ № 3 с творческим подходом продемонстрировали театрализованное представление по поэме поэта «Жетімдер үні», «Музаға». Выразив в словах, безраздельно покоряющих читательское сердце, школьники — почитатели поэта читали стихи, посвященные Макатаеву. Также была представлена книжная выставка «Мұқағали – поэзия жұлдызы» и продемонстрирован слайд-шоу на творчество поэта. Почитатели поэта прослушали песни на его стихи и убедились в бережном отношении будущего поколения к творчеству поэта, языку, чуткого, уважительного отношения к слову. Мукагали Макатаев считал, что человек в долгу перед Отчизной и обязан отдать ей огонь своего сердца, он посвятил жар своей поэзии Родине и мы наше будущее поколение должны знать его творчество, читать и почитать его поэзию. В конце мероприятия выступила председатель общества казахского языка Жумагалиева М.Т., которая поблагодарила организаторов и участников мероприятия.

«Әннің гауһары, жырдың жауһары - Мұқағали» «Әннің гауһары, жырдың жауһары - Мұқағали» «Әннің гауһары, жырдың жауһары - Мұқағали» «Әннің гауһары, жырдың жауһары - Мұқағали» 

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий