\»Парасат жолы\» орталығы ашылды

19 ақпан күні  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Адалдық алаңы» жобасы аясында кітапханаларда  «Парасат жолы» орталығының  ашылуы өткізілді. Шараға облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Юнисова Алтынай Юнисовна,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Досанов Ғалымбек Нұрмыханұлы, қоғам қайраткері Отыншин Раукен Сағызбайұлы, ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тілеулесов Талғат Бұрханұлы, қалалық аудандық кітапхана директорлары, қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапханамыздың тұрақты оқырманы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі  Шамкеева Айгүл Рзақызы: Кітапхана – білім мен мәдениеттің, парасаттылықтың ошағы. Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның дамуы мүмкін емес. Парасаттылық пен адалдықты  балаға туғанынан бастап бойына сіңіру қажет. Сондықтан кітапхана қорларын мемлекеттік тілдегі балалар әдебиеттерімен толықтыру керек екендігі туралы ойымен бөлісті. Орталықтың мақсаты: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  «Адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығында адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық,сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

0 комментариев

\»Ауған жауынгерлерінің ерлігі — бүгінгі ұрпаққа өнеге\»

Хромтау аудандық кітапханасы 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай \"Ауған жауынгерлерінің ерлігі - бүгінгі ұрпаққа өнеге\" атты  кітап көрмесін ұйымдастырды.  А.Балқасыновтың \"Жауынгер - интернационалист ерлігі\", \"Біз антымызды орындадық\", «О павших в Афганистане» естелік кітабы , «Память из пламени Афганистана», А.Кужбановтың \"Сердцем сказанное через время\", ауданымыздан ауған соғысына қатысқан 67 жауынгерлердің өмірбаяндары жинақталған \"Ерлік ұрпаққа мұра\" атты ұсыныстық көрсеткіш және т.б. әдебиеттер қойылды.  Виртуалды кітап көрмесін сілтемені басу https://goo.su/4BuN арқылы көре аласыздар.  

0 комментариев

14 февраля — Международный день дарения книг

Уважаемые Хромтаучане!   14 февраля отмечается Международный день дарения книг , который объединяет всех, кто дарит книги детям и прививает им любовь к чтению.  Примечательно, что проявился это праздник благодаря  инициативе одному обычному человеку – американке Эмми Бродмур- основательнице сайта детской книги в США, матери троих детей. Именно вопрос одного из сыновей, который спросил однажды у мамы – почему нет такого дня в году, когда люди дарят друг другу книги просто так, стал толчком к появлению нового праздника.  Вопрос маленького ребёнка, инициатива и активная позиция его матери были подхвачены миллионами людей по всему миру, что и способствовало становлению этого праздника в качестве Международного дня. Сегодня в этот день принято дарить книги, в первую очередь, детям, а также тем, чьи возможности к доступу к чтению книг по тем или иным причинам ограничены. Однако, не только дети любят читать. К счастью, ещё очень много взрослых людей понимают и ценят книгу как предмет не только материальной, а в первую…

0 комментариев