«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» онлайн оқулары

Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында ауылдық кітапханалар арасында 11 – 31 шілде аралығында кітапхананың инстаграм парақшасында  «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» онлайн оқулары өтеді. ✅Мақсаты: Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы арқылы оқырмандарға парасаттылық, әділдік, ізгілік, адалдық қасиеттерін насихаттау. ✅ Шарттары: Бейнебаян 3 минуттан аспауы керек. Орындаушының көркемдік шеберлігі, қазақ тілінде таза сөйлеуі, мазмұнға баса мән беруі, бейнебаянның тақырыпқа сай болуы тиіс. Толығырақ кітапхананың инстаграм парақшасынан көре аласыздар https://www.instagram.com/khromtau_kitapkhana/    

Продолжить чтение«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» онлайн оқулары

1 шілде — Ұлттық домбыра күні

1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай орталық саябақта бұқаралық домбырашылар шеруі өтті. Осыған орай Хромтау аудандық кітапханасы «Қазағымның қазынасы - домбыра» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көрмеде аспаптың тарихы, түрлері, жасалу технологиясы, домбыраның пайда болуы туралы аңыз, домбыраны үйрену және Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина сынды өнер иелерінің күйлері туралы кітаптар қойылды. Қала тұрғындары кітап көрмесіне ерекше қызығушылық танытты.

Продолжить чтение1 шілде — Ұлттық домбыра күні

Ақтөбе облысының құрылғанына 90 жыл

Ақтөбе облысының 90 жылдығы аясында өткен Хромтау ауданының мерекелік шарасында ұйымдастырылған "Мүмкіндіктері мол өлке/Край больших возможностей" кітап көрмесі

Продолжить чтениеАқтөбе облысының құрылғанына 90 жыл